3. Көркем шығармаларды оқу
|
10.3.3.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.
|
М. Шаханов «Өркениеттің адасуы. Компьютербасты жарты адам»
С. Оқылымалды тапсырма
«Галерея шарлау» Кабинеттің әр жерінде ілінген суреттер қандай ой тастайды, қандай мәселелер көтерілген? деген сұраққа жауап жазады.
Оқылым тапсырмасы: «Компьютербасты жарты адамдар» туындысынан үзінді оқу.
«Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,
Қасиетті ата қоныс – өзен-тауын жерсінбей,
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды»...
Т. Үзіндіде қанша мәселе бар? Санамалап жазыңыздар:
1.
2.
3.
4.
Неліктен олай ойлайсыздар?
Тапсырма № 2
«Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,
Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?
Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.
Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық»...
ЖЖ. «Уақыт капсуласы» әдісі
«Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық»...
Сұрақ:
Ақын нені жоғалтуға шақ қалдық дейді?
Өз болжамдарын жазып, 5 минуттың ішінде капсуланың ішіне салады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Т. Пирамидалық талқылау
Ж./Т. Топтағы әр оқушы бірінші үзіндіде аталған жастар туралы өз ойларын жеке тор көзге жазып, кейіпкерге баға береді. Ойларын топта талқылап, жинақтап ортақ бағаға келтіреді. Оны ортаңғы тор көзге жазады.
|
Талқыланатын негізгі сұрақтар:
Компьютербасты деген не?
Неліктен қоғамда бұл мәселе маңызды?
Компьютерге тәуелділік жақсы ма, әлде жаман ба?
Өлең үзіндісінен анықтаған мәселелерді өзара талықлап, маңыздылығына қарай орналастыру арқылы пирамида құру.
|
http://bilim-all.kz/olen/4368-Orkeniettin-adasuy-atty-romannan-Komp_yuterbasty-zharty-adamdar
|