1. Болжау
|
10.1.1.1
мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру
|
Сандық технология– әлемдік дамудың айнасы.
М. Шаханов «Өркениеттің адасуы. Компьютербасты жарты адам»
Тыңдалымалды тапсырма
С. Берілген сұрақтарға жауап беру:
1. Сандық технологияның адам өмірінде маңыздылығы қандай?
2. Өркениеттің адасуы деп нені атауға болады?
Берілген сөздерді өзара байланыстырып бөлімнің тақырыбын анықтау.
Компьютер, сана, рухани байлық, ғаламтор, жастар, оқу-білім, қайшылық, пайда, зиян, қауіп, теңсіздік, қарт адам, ғаламдық ой, ғылым, елге қызмет, арман, сандық технология.
Тыңдалым тапсырмасы
Т. «Егер де» кілті (Тони Райан әдісі)
Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасайды. Берілген үзіндіні тыңдайды.
«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.
- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады...
Сұрақ: Егер де қарт үш ұлын оқытқан болса, неге оның екеуіне көңілі толмайды деп ойлайсыздар? Шығарма одан әрі қалай жалғасуы мүмкін?
Әр топ өз болжамдарын түрлі фигурада қиылған қағаздарға жазады.
Жазған жауаптарын қиюластырып, тақтаға жапсырады. Графикалық органайзер құрайды.
Кері байланыс
Графикалық органайзерді оқиды. Түсінбеген тұстары болса, сұрақ қояды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Шығармадан сұраққа жауап болатын үзінділер оқылады.
|
Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
Сандық технология.
Адам өміріндегі сандық технологияның маңыздылығы
Өркениет. Өркениеттің дамуы.
Мұғалім қай сөз жалпылама маңызды рөл атқаратынын сұрау арқылы оқушыларды тақырыпқа бағыттайды.
Бөлім тақырыбын анықтауда тақтада қолданылған сөздерді мәтін мазмұнын болжауға да алуға болады.
М. Шахановтың "Өркениеттің адасуы" атты романнан «Компьютербасты жарты адамдар» шығармасынан үзінді тыңдайды.
Үзіндіні мұғалімнің оқып беруіне болады.
|
http://bilim-all.kz/olen/4368-Orkeniettin-adasuy-atty-romannan-Kompyuterbasty-zharty-adamdar
|