Контекст
Бұл бөлім тақырыбы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» деп аталады және тілдік дағдылар осы тақырып аясында дамиды. Бұл бөлім оқушыларды 10-сыныптың басқа бөлімдеріне дайындайды, себебі ол тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытады. Бұның бірінші тіл және әдебиетпен, ағылшын тілімен, география, Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыста және қойылым қою, саяхатқа шығу, пікірталастар мен презентацияларды қосқанда түрлі сыныптан тыс жаттығулар ұйымдастыруға болады. Бұл бөлімнің 9-сыныптың 8-бөлімімен байланысы бар.
Бұл бөлім 9-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды дамытуды жалғастырады. 9-сыныптан сәйкес оқыту мақсаттарына мыналар кіреді: оқиғаға өзіндік пікірі болу, жеке пікірін білдіру; мәтіндердегі терминдерді қарапайым балама сөздермен, сипаттама тіркестермен алмастыра алу; мәтін стилдерін салыстыру және әңгіме, мәтін, мақалаларды БАҚ оқиғаларының шынайы өмірге қатыстылығын салыстыра отырып жазу, қарама қайшылығын анықтау, қорытындылау.
|