«Еңбек нарығындағы сұранысы аз мамандықтар»
Оқылымалды тапсырмасы
Оқушылар мәтінде кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің антонимін жазады:
Жұмыссыздық-
Осал топ-
Жалдамалы жұмыс-
Жегілу-
Материалдық жағдайдың төмендігі-
Төмен жалақы-
Оқылым тапсырмасы
Мәтінді оқып, негатив сөздердің астарын сызып шығады. Оқылымалды тапсырмасында кездеспеген сөздердің бәріне антоним табады.
Оқылым тапсырмасынан кейінгі жұмыс
а/Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:
А) Жұмыссыздықтың табиғи мөлшер деңгейінің қаупі қандай?
Ә) «Екі қолына бір күрек» таба алмай жүрген жастардың көбі қай аймақта?
Б) Жастар арасындағы жұмыссыздықтың жалпы жұмыссыздықпен салыстырғандағы деңгейі қандай?
В) Жастар бөтен елге не мақсатпен кетеді?
Г) Олардың ойынша, жұмысқа орналасуда әлеуметтік проблемалармен қатар қандай кедергі қиындық келтіруде?
|