«Жас маманның басынан кешкендері» А.Рақыш
Жазылымалды тапсырма
«Мұғалім құқығы, жас маман, мұғалімдік, мектеп директоры, жиын» сөздері мен сөз тіркестеріне қарап, «Жас маманның басынан кешкендері» шығармасының мазмұнын еске түсіріңіз. Жұбыңызға қысқаша мазмұндаңыз.
Жазылым тапсырмасы
Жұптық жұмыс. «Айқайлау диктанты».
А оқушы
Алдынан өзі сый тұтатын жасы үлкен мұғалім шықты. Мұның бет-әлпетінен бәрін түсініп, кабинетіне шақырды.
-Балам, осының бәрі жүйкеңе тиіп жүргенін білемін. Мұғалім үшін ең маңыздысы-сатып алған мақтау қағаздарының көптіігі емес, оқушының шын құрметі. Сол құрметке жетсе, ұстаз бақыты деген осында!
-Айтыңызшы, мынадай шырмауықтай шатасқан парақорлар мен пәлеқорлардың арасында қалай жұмыс істеп жүрсіз?-Жас маман ызадан безгек буғандай қалш-қалш етті.
Ә оқушы
Мұғалімнің құқығы өз мекемесінде аяқасты етіліп жүр. Оны кім қорғау керек? Мұғалім кімге шағына алады?-Мұғалімінң құқығын қорғайтын кәсіподақ бар. Іс асқынған жағдайда сотқа шағынуға болады.
Сұрағы жетімсіремей, жауабын тапты. Көңілі тоғайып, орнына оралды. Түс ауа тиісті сабағын өтіп жатыр еді, байбалам салып басекесі келді.
|
Айқайлау диктанты қалай орындалады?
Жұптар анықталады.
Сыныптағы оқушылар 2-ге бөілініп, қарама-қарсы қабырғада жұптарына қарап тұрады.
1-қабырғадағы оқушылардың әрқайсысына диктант мәтіні беріледі. Олар әр түрлі болу керек.
2-қабырғада тұрған оқушылар қолдарына қағаз бен қалам алады.
1-қабырғада тұрған оқушылар бір мезетте мәтіндерін оқиды. Қарсы тұрған оқушылар тек жұптарының айтқанын ғана тыңдап, жазады.
Жұптар қызметтерімен алмасады. 2-қабырғадағы оқушыларға өзге мәтіндер беріледі. Кейін диктант мәтінін тексереді.
|