Айтылым тапсырмасы
Жоғарыда келтірілген сөйлемнің бірін кеңітіп, жұбына әңгімелеп беру.
Төменде берілген тұжырымдарға келісетінін не келіспейтінін айтып, дәлелдеу.
А) Оқуын аяқтаған және жұмысшы мамандығын иеленген жас азаматтарға оқып жатқан кездің өзінде тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі бар.
Ә) Оқудан өткеннен кейін ауылдық жермен қатар, қалада да шағын несие алуға болады.
Б) Америка үшін адамдардың жұмыс іздеп бір штаттан екіншісіне көшуі қалыпты жағдай.
В) Қазірдің өзінде 442 отбасы тұрғылықты жерін ауыстырып, еңбекпен қамтылған.
Г) Қазірдің өзінде көптеген елдермен салыстырғанда елдің көрсеткіші жаман емес.
|
Еңбек – өмір ажары.
Еңбек-дәулет, бедел – сәулет.
Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы.
Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
Еңбек түбі – зейнет.
Еңбек – адамның екінші анасы.
Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік жүдетеді.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Ердің атын еңбек шығарар.
Кім еңбек етсе, сол тоқ.
Түйір нан – тамшы тер.
Ексең егін, ішерсің тегін.
Екі қолға – бір күрек.
Жұмыстың жаманы жоқ.
Қызмет қыл да, міндет қыл.
|