10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

57.
 
Ш. Уәлиханов туралы жазылған шығармаларды атаңыз
:
 
Ә. Марғұлан «Шоқан және Манас», С. Бегалин «Шоқан асулары», С. 
Көбеев «Бала Шоқан», С. Мұқанов «Жарқын жұлдыз» т.б.
58.
 
 Ш. Уәлиханов және оның зерттеушілік қыры жөнінде
әңгімелеңіз: 
Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы 
зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды 
ықылас-ілтипаттарына ие болады. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің 
Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан
 
пікіріне үнемі ден 
қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге 
аралаған. 
Семенов-Тянь-Шанскийдің 
ұсынуымен 
1857 
жылы 
27 
ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады.
1858-1859 
жылдары Шоқанның «Жарық жұлдыз», «Қашқария 
сапары» оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке 
көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. 
Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың 
соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде 
болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын 
Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф 
Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің 
бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан
 
болды. 
1870 жылдары Петербургте Шоқанның
«Жоңғария очерктері», 
«Алты шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы 
алты қаласынын жағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өлімін 
әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» т.б. еңбектері жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет