10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

65.
 
М. Ж. Көпейұлының фольклортанушы екендігін айқындайтын 
шығармаларын атаңыз:
М.Ж. Көпейұлы ел арасынан: «Қамбар батыр», 
«Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Нәрік ұлы Шора батыр» т.б. 
тәрізді батырлар жырын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алтынбас – 
Күмісаяқ» т.б. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ «Киік», «Бозторғай», 
«Дін үйренетұғын» тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. «Қозы 
Көрпеш –
Баян сұлу», «Ер Тарғын» жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-
ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал «Алтынбас 
– Күмісаяқ» – 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған 
В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. 
Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың 
бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра 
орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде «Сайын батыр» жырының 
көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. 
Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – «Еділ-Жайық», 
«Көр ақтарған Жаманбай», «Баһырам патша туралы», «Есен тентек 
туралы», «Ертеде бір хан болыпты», «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл 
сұлама», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Алаша хан», «7 жасар Желкілдек», «Ер 
Төстік», «Әз Жәнібек және бір ұста», «Екі патша», «Әділ би», «Сүйіндік: 
Олжабай батыр», «Тама Сарыбас мерген» т.б. 
66.
 
М. Ж. Көпейұлының «Гүлшат-Шеризат» дастанының көтерген 
тақырыбы 
мен 
идеясын 
анықтаңыз
:
М.Ж.Көпейұлы 
дастан 
кейіпкерлерінің кейбір іс-әрекеттеріне сын-баға берумен қатар, белгілі бір 
жағдайға байланысты ғибрат, уағыз-насихат айтып, ғашықтық 
тақырыбын баса жырлап, «әділ патша» мотивіне назар аударған. Мәшһүр-
Жүсіп нұсқасының тағы бір құндылығы – ақынның уағыз, ақыл-кеңес айтып 
отыруында. Адамның жасаған жақсылық-жамандығының бәрі алдына 
келетіндігін сөз етіп, жаман істерден аулақ болуға шақырады. Дастанның 
тағы бір құндылығы ақынның зұлымдық жасаған адамы өзінің қателігін 
мойындайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет