10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

атаңыз
:
 
Абай орыс аудармаларын аудара отырып, қазақтың қара өлеңі 
ұйқасынан бөлек ұйқастар енгізген, яғни жаңалық енгізген ақын. Ұйқас 
түрінен: егіз ұйқас, шалыс ұйқас, аралас ұйқас түрлері енді. Сондай-ақ, 
буын, бунақ, тармақ сандары жағынан да жаңалық әкелді. 
 
63.
 
А. Құнанбайұлының «Ескендір» дастанының негізгі тақырыбы 
мен идеясын анықтаңыз:
Ескендір
 
поэмасы
– Абайдың гуманистік 
көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. 
Поэма 
Шығыста Ескендір 
Зұлқарнайын деген 
атпен 
белгілі, Еуропада Александр 
Македонский 
аталатын 
ежелгі 
грек 
қолбасшысының 
өмірі 
жайындағы 
аңызга 
құрылған. 
Ескендірді Еуропа ақындары 
да, 
Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер 
Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл 
тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. 
Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние 
жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. 
Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы 
философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. 
Әңгімеде 
жауыздыққа 
жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған 
қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол 
жұмбақтарды ақылға шештіреді. 
64.
 
 
Абай мен Шәкәрім шығармаларының үндестігін ашыңыз:
 
Қазақ 
халқының 
ой 
алыптары 
Абай 
және 
Шәкәрім 
тағдыры 
мен 
шығармашылығында ұқсастықтыр мен айырмашылықтар бар. Олардың 


есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және 
шәкірт, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан. Екі ой алыбы өз 
туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі 
философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін 
танып білу жолында толассыз ізденіске түскен. 
Қазақ фольклоры, шығыс классикасы, батыс мәдениеті екеуіне ортақ 
дүниетанымның қайнар бұлағы болса, осы дүниетанымды игеруге 
көмектескен өз тәлімгерлері болған. Ағартушылық жолына, ғылым жолына 
мені әкелгендер деп Абай ағасы Халиолланы, әжесі Зерені, орыс достарын 
атап кеткен. Ал, Шәкәрім шәкірттік ризашылығын атасы Құнанбайға, 
ағасы Абайға білдірген. Сондай-ақ, Абайдың «Қарасөздері» – қазақ 
философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» – қазақ 
философиясының шыңы. Форма жағынан Абай туындысы әдеби эссе болса, 
«Үш анық» – трактат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет