IV тоқсан 5-бөлім: Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма
Меңгерілген білімді дамыту: Оқушылар алдыңғы бөлімде алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. Алдыңғы бөлімде қалыптасқан дағдыларымен сабақтастықты сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларын, білімдік және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу, өз бетімен білім алу, сыни ойлау және шығармашылық, креативті ойлау қабілеттерін дамытатын болады.
Бұл бөлімнің тақырыбы: Сәулет өнері Бөлімнің мақсаты: ана тілін құбылыс ретінде таныта отырып, оқушылардың ана тілінде жетік және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауғадағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.
Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары: 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;
10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу