Регламенттелмеген хатта қатаң белгіленген құрылым және бекітілген талаптар болмайды және арнайы бланкіні қажет етпейді.
7. Мақсаты бойынша: ақпараттық және жарнамалық хаттар болып бөлінеді. Ақпараттық хат белгілі бір ақпаратты беру мақсатымен дайындалса, жарнамалық хатта адресатқа ықпал ету мақсатын көздейді.
Іскерлік хатты рәсімдеудің белгілі бір тәртібі бар және ол сақталуы керек. Яғни, іскерлік хатта мынадай реквизиттердің болуын ескеру керек:
Ұйымның немесе кәсіпорынның, мекеменің атауы.
Заңды тұлға туралы анықтамалық мәліметтер, оның коды, мемлекеттік тіркеу нөмірі, бизнес идентификациялық нөмірі.
Күні мен тіркелу нөмері.
Адресат.
Мәтіннің атауы.
Кіріспе сөз.
Хаттың мәтіні ( хаттың мақсаты мен жалпы мазмұны).
Хаттың мәтіні ( хаттың мақсаты мен жалпы мазмұны).
Хатты аяқтау келе айтылатын сыпайылық сақтау сөздері.
Басшының хатқа қол қоюы ( жіберушінің қолы).
Қосымша берілетін болса, оған жасалған сілтеме.
Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәліметтер.
10.4 Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.
Кәсіпекерлік этика – кәсіпкердің мінез-құлық нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.
Кәсіпкерліктегі этикалық нормалары мемлекеттің және қоғамның, нақты тұтынушылардың, нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын,азаматтардың мінез-құлқы мен іс- әрекетінің белгілерінің жиынтығын білдіреді.
Кәсіпкерлік этиканың міндеттері келесілер болып табылады:
Іскерлік қатынастар облысындағы тәжірибелерді үйрену;
Субъектілердің экономикалық іс-әрекетің мәдени құндылықтардың ықпалын талдау;
Корпоративті және әмбебап этиканың өзара әсерін қарастыру
Кәсіпкерліктің халықаралық мәдениетімен, оның моральдық-психологиялық стандарттарымен интеграциясы;