Тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым-қатынастарда болуы;
Қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның көздеген мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;
Қажетті санитарлық гигиеналық және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы мынадай екі жолмен жүзеге асырылады:
Біріншіден, алға қойылған мақсаттарға айтарлықтай нәтижелі жетуге мүмкіндік беретін мәдени дәстүрлерді қолдау арқылы өткен және қазіргі тәжірибені зерттеу негізінде табиғи жолмен жүзеге асырылады;
Екіншіден, мінез-құлық пен іс- әрекеттің белгілі-бір кешендерін күштен еңгізу арқылы мақсатты түрде қалыптастырылады.
10.2 Іскерлік қарым-қатынас және оның нысандары
Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үндісі. Ол тікелей және жанама болып бөлінеді.