Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық
тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай, қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін талдау ауытқитын әрекеттің психологиялық тұжырымдарына негізделген. Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард, 1939; Э. Фромм, 1994), «үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға болады.
Бірінші теорияның мәні ауытқымалы әрекеттің өмірлік маңызды жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің мүмкін еместігі) нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол пайда болған кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады.
Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін байыптайды. Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл адам өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ өмірлік бағдарлaмaлaрға қалыптастыратын базалық діни-философиялық, рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды. Адамның сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін сипаттау мақсатында адамның әлеуметтік әрекетінің қандай бар бір нысанын қалыптастыратын құрылымдық элементтерді мен олардың өзара байланыс және өзара әрекет сұлбаларын, психикалық процестердің жүру себептерін, заңдылығын, серпінін айқындайтын модель әзірленді.
Сыбайлac жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ: басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пaрa cұрау (бопсалаушы) не сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік мәртебені арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен біліктігін (иеленген лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау негізінде пайда болады. Бұл ретте, өзін басқалардан ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік жағдайға ұмтылу, қамқоршы, «керек байланыстар» жүйесі, жеке оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту және т.б.) ол үшін аса маңызды.
С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсенділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді.
Серпінді білім және тіршілік иесінің танып-білу процесі: қиял мен әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы нысаны қажеттілік болып табылады.
К. Левин берген анықтама қызығушылық тудырады: «Серпінді жағдай ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда болатын қандай да бір шиеленісті жағдай (ниет), ол адам әрекетін қамтамасыз етеді және қанағаттанушылыққа ұмтылдырады».
Сыбайлac жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісіне:
– әлеуметтік – коммуникативтік процестер мен нормсативтік құжаттардың психологиялық мониторингі;
– әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-субъекті қатынастары (пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау;
– алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау;
– әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту;
– психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу, вербальды және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады.
Сыбайлac жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас жемқорлық әрекетінің сыртқы факторлары) әлеуметтің қатынасын өзгертуге, сонымен қатар қалыпты мінез-құлықтық бейінге және олардың әлеуметтік стереотиптерін қалыптастырушыларға түрлендіруге де бағдарлау қажет (сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары).
Осылайша, сыбайлac жемқорлық әрекеті үрдісі әуелгіде көңіл-күй, қызығушылық, пікір, жекелеген адамның нұсқамасы ретінде көрініп, одан соң нақты әрекеттен көрінетін әрекеттер мен іс-қимылға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |