10 тақырып Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетігі



бет2/4
Дата12.05.2022
өлшемі0,88 Mb.
#34120
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
12-Дәріс

Cабақтың жоспары

  • 1. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының психологиясы.
  • 2. Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау.
  • 3. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты диагностикалау және алдын алу әдістері.
  •  

Пайдаланатын әдебиеттер

  • 1.Самалдықов, М.К. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің құқықтық негіздері [Мәтін]: практикум / М.К. Самалдықов; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 400 б.
  • 2.Ответственность за отдельные виды коррупционных правонарушений по новому уголовному Кодексу Республики Казахстан [Текст]: учеб. пособие / авт.-сост. А.Н.Агыбаев; КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 76 с.
  • 3.Ағыбаев, А.Н. Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық [Мәтін]: оқу құралы / А.Н. Ағыбаев, А.Т. Қожаниязов.- Алматы: Эпиграф, 2019.- 160 б.
  • 4.Мырзатаев, Н.Д. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес [Мәтін]: оқу құралы / Н.Д. Мырзатаев.- Алматы: Эпиграф, 2019.- 112 б.
  • 5.Агыбаев, А.Н. Ответственность за отдельные виды коррупционных правонарушений по новому уголовному Кодексу Республики Казахстан [Текст]: учеб. пособие / А.Н. Агыбаев.- Алматы: Эпиграф, 2019.- 88 с.
  • 6.Сейтхожин, Б.У. Квалификация коррупционных преступлений: теория и практика применения [Текст]: учеб. пособие / Б.У. Сейтхожин, Б.Ш. Сарсембаев, А.Х. Феткулов.- Алматы: Эпиграф, 2019.- 204 с.
  • 7.Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы [Мәтін]: оқу құралы / Ә.О. Турдалиев, Ж.Ж. Жағыпар.- Алматы: МонтеКристо, 2018.- 372 б.
  • 8.Баймолдина, С.М. Актуальные проблемы борьбы с коррупцией и организованной преступностью [Текст]: учеб. пособие / С.М. Баймолдина.- Алматы: Эпиграф, 2016.- 184 с.

1. Сыбайлac жемқорлық әрекетінің психологиясы. Сыбайлac жемқорлық проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлac жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі.

Сыбайлac жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет:

а) сыбайлac жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті;

б) сыбайлac жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және психологиялық факторлары жиынтығы;

в) сыбайлac жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет;

г) сыбайлас жемқорлыққа бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік;

д) сыбайлас жемқорлығы дендеген адам – сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип.

Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті: өмірді материалдық игіліктер aлу aрқылы бағалау, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың төмен деңгейі, өзі - өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы (адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейcоқтыққа, қоршаған ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет