1)Триангуляция әдісі Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 2) Трилатерация әдістер Трилатерация әдістері. III және IV класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды. 3) Полигонометрия әдісі Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады 49. Жергілікті жерді түсіріс алдын барлау (рекогносцировка).
Дала жұмыстарының бастапқы кезеңі рекогносцировка, немесе алдын ала барлау, осы кезде жергілікті жерді қарау (қарап шығу), түсіру желісінің нүктелерін таңдау және бекіту жұмыстары жүргізіледі. Мүмкіндігі бойынша тіреу нүктелерін мемлекеттік геодезиялық желісінің пункттеріне байланыстырады. Дегенмен, түсіру нүктелерінің орнын шартты координаталар жүйесінде жиі жасалынады. 50. Тахеометриялық түсіріс үшін түсіріс негізін құру Тахеометриялық түсірісте түсірілетін нүктеде тұрған рейкадағы аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, арақашықтығын және салыстырмалы биіктігін анықтайды. Демек, тахеомертлік түсірістің мәні аспаптың