Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.
Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады: - жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде аныктау; - тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу; - республикамыздың корғаныс мұктаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады. Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотограмметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді
4. Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.Геодезияның салалары.( Геодезия — жердің пішіні мен мөлшерін анықтауда, оның бетін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әртүрлі өлшеу тәсілдері туралы ғылым.Геодезия ежелгі ғылымдардың бірі бола келе, өзінің даму сатысында, ол жоғарғы геодезия, топография, геодезия, радиогеодезия, ғарыштық геодезия, картография, аэрофототопография, инженерлік геодезия деген ғылыми салаларға бөлінеді.
Бұлардың мақсаты мен міндеті ортақ болғанымен, әрқайсысының өз объектісі, өз зерттеу тәсілі, өз теориясы т.б. бар.)
5. Шар, эллипсоид және геоид. Красовский эллипсоидының өлшемдері((Координаттар осьтерінің элипсоидпен қиылысу нүктелері элипсоидтың төбелері деп аталады. Элипсоидтың жазықтықпен қимасы эллипс болады. Сондықтан элипсоидты эллипстің өз осінің біреуінің бойымен айналуы нәтижесінде пайда болған бет деп те атайды.[2] Эллипсоидтың a, b, c шамаларын жартыостері деп аталады.Егер екі жартыостері ұзындықтары тең болғанда эллипсоид эллипсты оның бір осі бойымен айналдыру арқылы шығады. Бұндай эллипсоидты айналу эллипсоиды немесе сфероид деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |