нысаналау осінің бір жағдайында вертикаль бұрышты v, горизонталь бұрышты β және рейкадан қашықтық өлшеуіш жіптерінің аралығындағы бөліктер санын есептеуден тұрады. Осы мәліметтер арқылы нүктенің кеңістіктегі координаталарын есептеп шығарады. Тахеометриялық түсірісте жергілікті жердің топографиялық нысаны түсірілетін нүктелердің барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады.
51. Тахеометриялық түсіріс. Тахеометрмен түсіру барысы.
Түсіру арнайы тахеометр – теодолиттің (теодолит) және өлшеу райкасының көмегімен іске асырылады. Тахеометриялық топографиялық түсіру инженерлік 1:500 – 1:5000 масштабында қолданылады. Тахеометрия – нүктелердің жер беті биіктігі бойынша және пландағы орналасуларын олардың горизонтальды және вертикалды бұрыштары мен ара қашықтығын бір уақытта өлшеу арқылы анықтайтын әдіс. Тахеометрияда айналма тахеометр немесе тахеометравтомат деп аталатын аспап қолданылады. Олардың көмегімен іздеген шаманы есептемей-ақ табуға болады. Тахеометрлік суретке түсіру полярлық әдіс бойынша жүргізіліп, ситуация мен рельеф горизонтальдар арқылы жоспарға түсіріледі (біркелкі биіктіктер сызықтары). Тахеометрлік суретке түсіруде ситуациялық сипаттамалық нүктелерінің орны анықталып, солар арқылы берілген масштаб дәлдігі мен ситуацияның контуры салынады. Өлшеу нәтижелері тахеометрлік журналға толтырылып, қосымша крок жұмысы жүргізіледі. Крок – грекше «сурет нобайы». Кротың абристен ерекшелігі – онда бедер бейнеленеді де, өлшемдер жазылмайды. 52. Топографиялық планды дәстүрлі құру
Картаны жаңарту дегеніміз –