стем дистанционного обучения.
смотреть эту программу.
в Хагене и многое другое.
особенностями.
стан».
Жетісу
университеті
бейсенбі, 20 тамыз,
2015 жыл
4
КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІК
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ
Ұ
лттық тәрбиені бала бойына сіңіруде
бастауыш сыныпта атқаратын жұмыстың
орны ерекше. Тәрбиені сәби ана құрсағынан
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір – бірінен
бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі
күнделікті сабақтың әрбір негізінде-ақ
оқушы бойына сіңе бастайды. Көп жылдан
бері бастауыш сыныпта сабақ бере жүріп
«Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие арқылы
ұлттық құндылықты бойына сіңірген жеке
тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында
шығармашылық жұмыспен айналысып
келемін. Мақсатым – ұлттық құндылықтарды
бойына сіңірген тәні мен жаны сұлу, өзіне -
өзі сенімді, халықтың салт – дәстүрін, ата
заңын, тарихын құрметтейтін, елжанды,
әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаның негізін
қалау. Бастапқы білім, тәрбие негізін салу.
Бұл мәселенің өзектілігі – халқымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық руха-
ни және материалдық құндылықтарымыз
жойылып кету алдында тұруында. Бүгінгі
оқушының рухани байлығы төмен, ұлттық
санасы
өзгеріп
барады.
Сондықтан
оқушының бастауыш сыныптан санасына
құятын, тәлім-тәрбие негізі қаланатын ошақ
– мектеп.
Мектеп
табалдырығын
бүлдіршін
аттағаннан бастап білім беруде ел тари-
хын терең қозғап, тәрбие сағаттарында,
оқыту үрдісінде қазақ зиялы қауымның
еңбектерінің, қоғам дамуына қосқан үлесін
айтып түсіндіру арқылы олардың бойы-
на адами құндылықтарды қалыптастыра
аламыз. Сондай – ақ ұлттық салт сананың
өмірдегі
қолданылмалы
көріністері:
рәсімдер, рәміздер, ырым – тыйымдар,
жөн – жоралғылар, діни ұғымдар, сенімдер,
перзенттік парыз, адамгершілік борыш,
ұрпақтың міндеті арқылы іске асырылып,
ұлттық қасиеттерге айналады.
Рухани – адамгершілік құндылықтардың
маңызын айқындау көбінесе ана тілі
сабағында жүзеге асырылып жатады. Мы-
салы: С.Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін»
шығармасын талдап көрейік. Сабақтың
барысында – оқушыларды әңгімеге тар-
та отырып, олардың ой жүйесін тақырып
мазмұнына қарай икемдеймін. Сабақты ба-
стамас бұрын туған жер туралы түсіндіремін.
Мәтінді іштей оқытып, әңгімені әрі қарай
өрбітемін. Өздерінің туған жерін сұрай
отырып, туған жерге деген сағынышын
қалай жеткізетінін тыңдаймын. Бұл жерде
мұғалімнің асқан шеберлігі, жауапкершілігі
қажет. Біріншіден, мұғалімді өзі туған жерді
сағынып тұрғандай күй кешпей, оқушыға
туған жердің қадір қасиетін жеткізе ал-
майды. Олардың туған жерлері туралы
жан – жақты ойлануына мүмкіндік туғыза
алмайды. Екіншіден, бастауыш сынып
оқушыларының әлі туған жерден алысқа
шығып көрмеген, оның сағынатындай күй
кешпеген жағдайлары да бар екенін ескеру
қажет. Ол үшін мұғалім сол жердің оқушы
көңілін аудармай жүрген сұлу табиғаты,
жері, суы, жан – жануарлары туралы там-
сандыра әңгімелеп берсе тіптен жақсы.
Оқушылармен шығарманы талдағанда мы-
надай сұрақтар беріледі:
1. Туған жер адамды несімен тарта-
ды?
2. Туған жерге деген сағыныш қалай пай-
да болады?
3. "Туған жерсіз адамның күні жоқ" -
дегенді қалай түсінуге болады?
Бұл сұрақтардан кейін туған жерді сақтау
проблемасын, оны қорғаудың ерекшелігін,
туған жер ата – бабаның ежелгі қонысы
екендігі туралы әңгіме тууы мүмкін. Соңы
ой толғау немесе шағын шығарма жазуға
ұласса тіптен жақсы. Бір шығарма жақсы,
екіншісі нашар деп бағалауға болмайды.
Керісінше, мұғалім мадақтап жіберсе, оның
шабыты тасып, одан да мағыналы шығарма
жазып келуі мүмкін. Міне, біздің оқушыдан
күтетініміз де осы. Бұл жанқұмарлығын
қанағаттандыруға жасалған әрекет болып
табылады. Яғни, оқушының өздік ой – пікірі
жарыққа шықты, ол оқушы өз туған жерінің
қадірін түсінді. Оны сүюге, құрметтеп қадір
тұтуға үйренді. Бойында елжандылық
қасиет пайда болды.
Қазіргі сыныбыммен үш жылдан бері
біргемін. Ана тілі сабағы оқушыларымның
асыға күтетін сабағы. Өйткені, күтері де
мол, сүйсініп оқыры да көп. Мысалы, бірінші
сыныпта «Жылқы» мәтінін оқығанда, ал-
дыма қойған тәрбиелік мақсатым – қазақ
халқының тұрмысындағы жылқының орны,
тіршілігінің мәні, қазақ өмірі мен тығыз
байланысын жеткізу болды. Нәтижесінде
оқушы бойына төзімділік, шыдамдылық,
ержүректік, қайсарлық, ел қорғау тура-
лы қасиеттер қалыптаса бастады. Ал
«Малдың баласын сүюі» өлеңін оқығанда,
тәрбиелік мақсаттарым малдың қазақ
шаруашылығындағы рөлі, көшпелі халық
туралы түсінік беру болса, оқушы бойында
мейірімділік, сүйіспеншілік, құрмет, кішіні
жақсы көру, қамқорлық сияқты қасиеттерді
дамытты. «Шаңырақ шуағы» суреті бойынша
әңгіме құрастырғанда, тәрбиелік мақсат –
отбасы туралы ұғымды түсіну. Отбасындағы
адамдардың рөлі, қызметі туралы болса,
ұлттық құндылықтар – отбасын құрметтеу,
жеті атасын білу, үлкенді сыйлау, отбасы
дәстүрін білу. Ы.Алтынсариннің «Кел, ба-
лалар оқылық!» өлеңін өткенде мақсатым
– білімнің пайдасы, әлемдік білім жүйесі
туралы түсінік беру, білімді адам мұратына
жететінін айту болса, сабақ нәтижесінде
оқушы бойында оқу – білімге құштарлық
пайда болды, кітап оқуға қызығушылығы
оянды. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба»
өлеңін өткенде – оқушыларға адам бойын-
да жақсы, жаман қасиеттердің болатынын
ұғындырдым жақсылық жасауға ұмтылуға,
жамандық жасамауға тәрбиеледім.
Ұлттық құндылықтар туралы тәрбие
жұмысы математика сабағында да жалғасып
отырды. Мысалы, математикадан «7 саны
мен цифрын» өткенде қазақта 3, 5, 7, 9 т.б.
сандар киелі сандар қатарына жататынын
айтып, 7 ата, 7 шелпек, 7 күн, 7 ғалам, 7
қазына, 7 жұт туралы түсіндіріп, сұрадым.
Яғни, оқушылар 7 санының қазақ халқы
үшін қасиетті екенін түсінді. Ал, «Сандар
әлеміне саяхат» тақырыбындағы сабақта
оқушылар математика әлеміне саяхат жа-
сай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа
үйренді. Сонымен қатар, 13, 25, 37 мүшел
жас туралы түсінік алды.
Ата – бабамыздың ғасырлар бойы жа-
сап кеткен тарихы – бүгінгі ұрпақ үшін баға
жетпес мұра. Осы мұраларымыз әдет –
ғұрпымен, салт – дәстүрімен қымбат. Бүгінгі
ұрпақ өз мемлекетін, Отанын қорғай білуі
керек. М.Дулатов «... жалғыз құрғақ білім
үйрену емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені
қоса беру, балқыған жас баланың ойына,
қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін
үйретіп шығару. Мұндай балалар мектепті
бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында
жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасы-
майды, қайда болса да, тіршілігінде қандай
ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы бо-
лып қалады» -деген. Оқушыларды ұлттық
рухта тәрбиелесек бойында отбасына,
халқымызға деген құрмет пайда болады.
Жанашырлық, сенімділік, намысшылдық
мінез – құлық қалыптасады. Ана тілін
құрметтейді, қазақтың әдет – ғұрып,
салт – дәстүрлерін біледі. Өлкеміздегі
тарихи жерлерді, ескерткіштерді біледі,
мақтанышпен айтады. Үлкенді құрметтеп,
кішіге ізет көрсетеді.
А. АНСАБАЕВА,
бастауыш мұғалімі.
бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде
ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды.
Ұлы Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады:
біріншісі - ата – анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі
– құрбысынан» - деген екен. Қоғамға қызмет ететін
болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі
ұлттық тәрбие беру – ұстаздың басты парызы.
ЖМУ - м мкіндігі мол білім ордасы
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті ел ертеңіне үлес
қоссам дейтін әрбір жас буынның жігерін
жанып, білімін шыңдап, ғылымға деген
бетбұрысына бағыт беретін бірден-бір
дәрежесі биік жоғарғы оқу орны.
Елбасы «Біз жоғары білім берудің сапа-
сын арттыруға тиіспіз» деп атап көрсетсе, са-
палы білім берудің басты арнасы ғаламдық
жетістіктер мен озық үлгіге негізделген инно-
вация екендігі баршамызға мәлім. Универ-
ситет осы мақсатты іске асыру бағытында
2008 жылы Еуразия құрылығындағы 601
жоғары оқу орны мүше болған Болонья
университеттерінің Ұлы Хартиясына қол
қойды.
Сол 2008 жылдан бастап инновациялық
білім
беретін
информациялық-
коммуникативтік
технологияларды
қолданудың негізіне сүйенетін оқытудың
кредиттік
технологиясы
іс-жүзінде
жүзеге асырылып, 2012-2013 оқу жы-
лынан бастап, студенттер мен маги-
странттар және докторанттар модульдік
білім беру бағдарламасымен оқиды. Оқыту
үрдісінде жалпы биология, генетика, гендік
инженерия және математикалық үлгілеу
бағдарламалары негізіндегі аса қиын
жұмыстарды атқаруға арналған 13 зертха-
на, 1 виртуалды зертхана жұмыс істейді.
Студенттердің практикалық дағдыларын
қалыптастырып, ғылыммен айналысуы-
на жол ашу мақсатында зерттеу кластері
де құрылған. Кластер құрамына 3 ғылыми
зертхана: «Аймақтық экологиялық зерттеу»
(Алтынемел, Жоңғар Алатау ұлттық табиғи
парктерінің мониторингі), «Адамның биохи-
мия және психофизиология эксперименті»,
«Математика және жаңа технология» зерт-
ханалары мен университеттің басқа да
зерттеу орталықтары кіреді.
Білім ордасының барлық корпустары мен
жатақханалары жоғары жылдамдықтағы
(өткізу мүмкіндігі 32 Мбит/сек) байла-
ныс бағытына, сондай-ақ, сымсыз Wi-Fi
желісіне қосылған. Оқу корпустары мен
кітапханаға, жатақханаға соңғы үлгідегі
мультисенсорлық интерактивті промоутер-
стенді мен мультисенсорлық интерактивті
қабырға панелі алынып, іске қосылды.
Осы жаңа техникалық құралдар арқылы
білімгерлер оқу-әдістемелік материал-
дарына, силлабустарға, оқу пәндеріне,
әдістемелерге,
жалпы
ақпараттарға,
сабақ кестелеріне электронды формат-
та қол жеткізуде. Университет матема-
тика бойынша білім беру бағдарламасын
Марбурга
университетімен
(Герма-
ния), биология бойынша Батыс Англия
университетімен (Ұлыбритания), тарих
бойынша Цюрих университетімен (Швей-
цария) бірлескен оқу бағдарламаларын
құрды. Осы бағдарламалармен оқитын
1-курс студенттерінен арнайы топ құрылды.
Көптілді оқыту бағдарламасы аясында 3
тілде оқытатын арнайы бөлімдер ашыл-
ды. Өткен оқу жы-
лында академиялық
ұтқырлық
бойынша
университеттің
17
білімгері мен маги-
странты Польша, Лат-
вия мемлекеттерінде
білім алып келсе,
биылғы оқу жылын-
да олардың саны 27-
ден асты. Ал ғылыми
ұтқырлық
аясын-
да
магистранттар
мен
докторанттар
Малайзиядағы
Ме-
неджмент және ғылым
у н и в е р с и т е т і н д е ,
Грекиядағы
Афи-
на
технологиялық
институтында,
Ресейдің Санкт-Петербург мемлекеттік
психологиялық және әлеуметтік жұмыстар
институтында,
АҚШ-тағы
Арканзас
университетінде ғылыми машықтанудан
өтіп келді.Ууниверситетке АҚШ, Чехия,
Болгария, Польша, Ұлыбритания, Гер-
мания, Украина сынды мемлекеттерден
20-дан астам жетекші ғалым дәріс оқуға
шақырылды.
Университет
делегация-
сы Оңтүстік Кореяның Конджу ұлттық
университеті президентінің шақыруымен
сонда барып қайтты. Онда қос дипломды
мамандарды даярлау, ғалымдарды дәріс
оқуға шақыру, ғылыми машықтанудан
өту мәселелері талқыланды. Гранттық
жоба негізінде Брюссельдегі ғылыми
конференцияға қатысып, академиялық
ұтқырлық бойынша білім алып жатқан
ЖМУ студенттері бар. Сонымен бірге Ко-
рей Республикасының Сэнчжу Ұлттық
университетімен, Түркияның халықаралық
ғылыми-зерттеу орталығымен Мармара
университетімен, және де ТМД елдерінің
жоғары оқу орындарымен байланыстары
жақсы жолға қойылған.
Университетімізде
«Мәдени
мұра»
бағдарламасына өзіндік үлесін қосатын
«Ілиястану» ғылыми-зерттеу орталығы,
Жетісу өлкесінің географиялық, тари-
хи ерекшеліктерін, мәдени мұраларын
зерттейтін
«Туған
өлке»
ғылыми-
практикалық орталығы жұмыс істейді.
Жоғары
біліммен
қатар
жастарға
патриоттық, моральдық, толеранттық
тәрбие
берілуде.
Тәрбие
жұмысы:
азаматтық және патриоттық тәрбие; рухани-
өнегелі, интеллектуалды-шығармашылық
тәрбие; кәсіби және корпоративті тәрбие;
эстетикалық және валеологиялық, сала-
матты өмір сүруді қалыптастыру; құқық
бұзушылықпен алдын ала күрес жүргізу
сияқты модульдерге бөлініп, жүзеге асы-
рылуда. Білімгерлердің шығармашылық
қабілеттерін шыңдау мақсатында «Мөлдір»
қыздар вокалды аспаптар ансамблі,
«Шағала» қыздар би тобы, «Жас түлек»
студенттік театры құрылып, бүгінгі күні
қала, облыс, республика деңгейінде өз
өнерлерімен халыққа танылуда. Және
де халық аспаптар оркестрі, жастардың
“Құлагер” атты шығармашылық бірлестігі,
“Эрудит” атты таным клубы, т.б. жұмыс
істейді.
Қысқасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінде жүрегі елім
деп соққан, тереңнен тамыр іздеген талант-
ты жастардың қалыптасуына жол аша-
тын зор мүмкіндіктер бар. Тек, мүкіндікті
жіберіп алмасаңыз болғаны. Сіздерді ЖМУ
қабырғасынан күтеміз!
Айбек САЙДАХМЕТОВ,
оқытушы, магистр.