Титрлік концентрация, титр (Т) – бұл ерітіндінің 1 мл-не есептелінген еріген заттың массасы (г).
; г/мл
Ерітіндінің құрамын өрнектеудің басқа әдістері бар. Концентрацияны анықтаудың бір тәсілін біле отырып басқа концентрацияны анықтауға болады.
Ерігіштікзаттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті. Суда қатты, сұйық және газдар ериді.
Суда ерігіштік қасиеті жағынан барлық заттар жақсы еритін, аз еритін, іс жүзінде ерімейтін болып бөлінеді. Бірақ абсолют ерімейтін зат болмайды. Оның дәлелі ретінде күміс қасықты суға салып қойсақ, суда оның иондарын байқауға болады. Яғни күмістің өте аз болса да суда еритіні байқалады. Күміс иондарының түрлі микробтарды өлтіріп, суды залалсыздандыратынын ертеден білген. Заттардың суда ерігіштігі алдымен олардың табиғатына, тегіне байланысты. Ол қысымға және температураға да тәуелді. Еру процесі еріген зат пен еріткіш арасындағы әрекеттесу болып табылады және өздігінен жүретін процесс ).
Қатты зат сұйықта еріген кезде еріткіш молекуласы әсерінен еріген зат молекулалары қатты заттан біртіндеп үзіліп ерітінді көлеміне бірыңғай таралады. Бұл процесс жақсы жүру үшін жоғары температура қажет. Біраз уақыт өткен соң еріген зат пен еріткіш арасында тепе - теңдік орнайды ). Бұл жағдайда қаныққан ерітінді түзіледі.
Егер ерітіндіде еріген заттың артық мөлшері динамикалық, тепе - теңдікте тұрса қаныққан ерітінді болады. Ерітінділер еріген зат бөлшектерінің өлшемі бойынша үш топқа бөлінеді.
Ірі дисперсті ерітінділер. Еріген зат бөлшектерінің радиусы 10-7-10-5 м аралығында болады. Мұндай ерітінділерге цемент пен ізбес ерітінділері, саздың судағы суспензиясы, көбіктер, эмульсиялар және т.б. Ірі дисперсті ерітінділер гетерогенді жүйелер болып табылады. Ірі дисперсті ерітінділер тұрақсыз – біраз уақыт өткесін дисперсті фаза (еріген зат) дисперсті ортадан (еріткіштен) өзінен өзі бөлінеді. Ірі дисперсті ерітіндідегі еріген зат бөлшектерін микроскоп арқылы көруге болады.