Коллоидты ерітінділер. Еріген зат бөлшектерінің радиусы 10-9-10-7 м аралығында болады. Бұл топқа жатады маңызды физиологиялық сұйықтар (сүт, қан, лимфа, т.б.) бағалы және жартылай бағалы табиғи тастар және т.б. Коллоидты ерітінділер – микрогетерогенді жүйелер. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы жоғары, бірақ олар да уақыт өткен сайын ыдырайды, себебі – оларды алу үшін сырттан энергия жұмсалады (ΔН> 0). Коллоидты ерітіндідегі еріген зат бөлшектері микроскоп арқылы көрінбейді.
Шын ерітінділер. Еріген зат бөлшектерінің радиусы 10-9 м кем болады. Бұл топқа қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың, спирттің, қанттың, т.б. заттардың судағы ерітінділері жатады. Шын ерітінділер – гомогенді жүйелер. Шын ерітінділерде еріген зат молекула немесе ион күйінде болады. Шын ерітінділер өте тұрақты, олардың түзілуі - өздігінен жүретін процесс, олар түзілгенде жүйенің энтропиясы өседі (ΔS > 0 ), Гиббс энергиясы төмендейді (ΔG < 0).
Қаныққан ерітінді даярлау үшін сол температурада суға еріген затты, ерімей тұнба түскенше қоса береді. Тұнба түскен кезде еріген зат артық болады. Осы жағдайда ерітінді мен еріген зат арасында динамикалық тепе-теңдік орнайды: қанша бөлшек ерітіндіге кетсе, сонша бөлшек ерітіндіден қатты затқа бөлінеді.
Берілген температурада ерітіндіде қаныққан ерітіндіге қарағанда еріген зат мөлшері аз болса, қанықпаған ерітінді түзіледі ).Егер еріген зат мөлшері қаныққан ерітіндідегіден көп болса, аса қанық ерітінді түзіледі ). Аса қанық ерітінділер тұрақсыз болады.
Ерігіштік берілген температурада 100 г еріткіште ери алатын заттың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. Мұны заттың ерігіштігі дейді. Мысалы, -та 100г суда 51,7г ериді. Яғни оның ерігіштігі 51,7. Егер осы мөлшерден көбірек ерітсек, ол ерімей тұнбаға түседі.
Қатты заттардың суда ерігіштігі температураға тәуелді. Әдетте температура артқан сайын ерігіштік те артады. Мұны 1-суреттен анық көруге болады. Ерігіштіктің температураға байланыстылығын ерігіштік қисық сызығы дейді.
Мұнда абсцисса осіне температура, ордината осіне ерігіштік салынады. Бұл қисық арқылы суытқан кезде ерітіндіден қанша тұз түсетінін есептеуге болады. Температураны төмендеткен кезде ерітіндіден қатты заттардың бөлуін кристалдану дейді.
Бұл кезде зат тазарады. Егер қатты зат ішінде түрлі қосындылар болса, олар тұнбаға түспейді. Осылай қатты затты тазартуға болады. Мұны қайта кристалдау дейді.
Сұйықтардың судағы ерігіштігі әр түрлі. Кейбір сұйықтар (спирт) сумен кез келген қатынаста араласады, кейбірі шамалы араласады. Шамалы араласқан кезде екі қабат жүйе пайда болады. Мысалы, анилин су жүйесінде жоғарғы қабатта анилиннің судағы қаныққан ерітіндісі, төменгі қабатта судағы анилиннің қаныққан ерітіндісі, төменгі қабатта анилиндегі судың қанықпаған ерітіндісі түзіледі.
Сұйықтардың суда ерігіштігіне температура әсер етеді. Температура жоғарылаған сайын сұйықтың суда ерігіштігі артады, кейбір температурада сұйық зат суда тез кез келген қатынаста араласады. Мұндай температураны кризистік температура дейді.
Газдар суда ерігенде жылу бөлінеді. Сондықтан температура артқан сайын газдың суда ерігіштігі кемиді (Ле-Шателье принципіне сай).
Газдың суда ерігіштігі қысымға байланысты. Ол Генри заңымен анықталады: тұрақты температурада газдардың суда ерігіштігі оның парциалдық қысымына тура пропорционал.
(V.6)
мұнда, сұйық зат концентрациясы, К Генри тұрақтысы; Р газдың парциалды қысымы.