• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады
Құзыреттілік тәсілдеме және Кері дизайн
Құзыреттілік тәсілдеме оқудың белгілі бір кезеңінің аяқталуына байланысты күтілетін нәтижелерге оқушылардың сәйкестік дәрежелерін анықтауға бағалаудың бағдарлануын қажет етеді
ЭЫДҰ баяндамасында құзыреттің үш категориясын атап көрсетеді [ЭЫДҰ, 2003]:
- құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтін, білім мен ақпарат; технологиялар.
- әркелкі топтардың өзара әрекеттері: басқалармен жақсы қарымқатынаста бола білу қабілеті, командада жұмыс жасау мен ынтамақтасу, келеңсіздіктерді басқару және шешу.
- өз бетінше әрекет ету: барынша кең ауқымдағы көріністі көре білу және әрекет ету қабілеті, өмірлік жоспарлар мен жеке жобаларды қалыптастыру, жүзеге асыру, құқықты, қызығушылықты, нормаларды және қажеттіліктерді қорғау, сақтап қалу.
Кері дизайн – бұл негізгі критерийі мазмұн (контент) емес, жоспарланған оқу нәтижелері болатын [Велединская, Дорофеева, 2014] білім беру үдерісінің педагогикалық жобалаудың арнайы технологиясы.
Оқу мақсаттарының таксономиясы
Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды
Достарыңызбен бөлісу: |