52.Молекулалық орбитальдар теориясы — молекула ядролар мен электрондардан тұратын тұтас жүйе деп қарап, орбитальдарында электрондар теориясы атомдарға қолданылатын кванттық механиканың заңдылықтарын күрделірек жүйе–молекулаларға қолданылады. Әрбір элементтің атомы бір ядродан тұрады, ал атомдардан түзілген молекула көп ядродан тұрады. Сондықтан молекуланың орбитальдарындағы электрондарға көп ядролар өрісі әсер ететіндіктен атомдардан молекула түзілу кезінде жүйенің энергиясы азаяды.Атомдардағы сияқты әрбір молекулалық орбитальға квант сандарының белгілі бір мәндері сәйкес келеді. Атомдық орбитальдар s, p, d, f әріптерімен белгіленетіні сияқты молекулалық орбитальдар σ, π, δ, υ әріптерімен белгіленеді.Молекулалық орбитальдар теориясы бойынша молекуланы сипаттау үшін, оның орбитальдарының типін (σ, π, δ, υ) сол орбитальдардың энергияларының өсуіне байланысты электрондардың орналасу ретін анықтау керек. Атомдардың орбитальдарындағы сияқты, молекулалық орбитальдарда электрондардың орналасу реті Паули принципі мен Гунд ережесіне бағынады. Молекулалық орбитальдар көп ядролы болғандықтан, атомдармен салыстырғанда, олардың пішіндері күрделірек болады. Сондықтан молекулалық орбитальдар әрекеттесетін атомдық орбитальдарды қосудың және алудың нәтижесінде түзіледі. Егер әрекеттесетін υА екі атомдардың орбитальдарын немесе толқындық функциялары υА және υВ деп белгілесек, олардың әрекеттесуінен екі типті молекулалық орбитальдар немесе функциялар түзіледі. АО қосудан υ+, ал оларды алудан υ- МО түзіледі.Коэффициенттер С1 және С2 жеке атомдармен салыстырғанда электрондардың толқындық функцияларын молекуладағы ядролар мен электрондардың әсерін есепке алады. Әрекеттесуге қатысқан атомдарда қанша АО болса, молекулада сонша МО болады. Мысалы, әрқайсысында бірден 1s электрондары бар екі атомның орбитальдарының сызықтық әрекеттесуінен түзілген МО пішіні мен энергиясын қарайық. Бір элементтің екі атомынан құрылған молекуладағы электрондарға тигізетін әсері бірдей болғандықтан, формуладағы коэффициенттер өзара тең (С1 = С2). Әрекеттесетін атомдардың екі орбитальдарының толқындық функцияларының таңбалары бірдей болса (υ + υ), олар бір – бірімен қосылып, екі ядролы МО тҥзеді. Мҧның мәнісі екі ядроның арасында электрон зарядының тығыздығы артып, екі ядроның осы кеңістікке таралуы, бір –бірімен байланысуы артады, яғни химиялық байланыс түзіледі. Мұндай химиялық байланысты қамтамасыз ететін энергия тиімді МО – ды байланыстырушы орбиталь дейді. Әрекеттесетін АО – дың толқындық функцияларының таңбалары әр түрлі болғанда, олар бір – бірінен алынады да тҥзілген молекулалық орбитальдың ядро арасындағы электрон зарядының тығыздығы нөлге тең болады, электрон зарядының тығыздығы ядролардың сыртында жинақталады. Мұндай орбитальдар байланыстыруға қарсы немесе босатушы орбитальдар (σбос) деп аталады.