73.
Комплекс қосылыстардың номенклатурасы.
КҚ номенклатурасы 1962 жылы химиктердің Халықаралық Одағы (IUPAC) ұсынған номенклатурасы қолданылады.
• Теріс зарядты лигандтардың атауына «О» деген жалғау жалғанады СІ- хлоро-, CN- циано-.
Электробейтарап лигандтар былай аталады: ОН-гидроксо О-окси т.б.
• Комплекс құрамындағы лигандтардың саны грек сан есімдерімен белгіленеді:
ди (екі), три (үш), тетра(төрт), пента (бес), гекса (алты) т.б.
74.
Комплекс қосылыстардың электролиттік диссоциациясы.
Комплексті қосылыстар – сулы ерітіндіде сатылап диссоциациялана-тын электролиттер:
бірінші саты бойынша ішкі және сыртқы сфераларға диссоциацияланады; сфералардың арасындағы байланыстың табиғаты иондық болғандықтан, бұл үдеріс қайтымсыз болады;
келесі саты бойынша диссоциациялану (комплексті ионның диссоциациялануы) комплекс түзуші лигандтармен ковалентті және донорлы-акцепторлық байланыс түзетіндіктен, үдеріс қайтымды болады.
75.
Ерітінділерде комплексті иондардың түзілуі және ыдырауы
Комплекстердің ыдырауы мен түзілуі(реакциялар қайтымды бола алады)
[Al(H2O)6]Cl3=[Al(H2O)6]+3Cl
K[Ag(CN)2]=[Ag(CN)2]+K