58.Кешенді қосылыстар.Кешенді қосылыстар немесе координациялық қосылыстар — жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар. Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4·5H2O, аммиактар CaSO4·4NH3, ашутас KAl(SO4)2·12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады.
Кешенді қосылыстарда орталық орын алып тұрған ион немесе атом кешентүзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны деп аталады. Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды. Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебралық қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б. Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Кешенді қосылыстардың атауы кейбір электрбейтарап молекулалардың – лигандалардың қалыптасқан аты бойынша аталады, мысалы: H2O – аква, NH3 – амин, NO – нитрозил, т.б. Егер лигандалардың саны бірнешеу болса, олардың санын грекше көрсетеді: 2 – ди, 3 – три, т.б. Кешенді қосылыстар су ерітіндісінде диссоциацияланады. Кешенді қосылыстар химиялық талдауда, сирек кездесетін маңызды металдарды бөліп алуда, тазартуда т.б. қолданылады. Кешенді қосылыстардың өсімдіктер мен жануарлар организміндегі биологиялық зат алмасу процестеріндегі маңызы зор. Комплекс түзуші ион немесе атом бұл ішкі сферасының орталық атомы(ионы). Көбінесе р-, d-, f- элементтер жатады (бос орбитальдары бар элементтер – Cu, Au, Ag, Hg, Zn, Fe, Co, Cr т.б.)
Лигандалар –бұл молекулалар немесе иондар КТ айналасында орналасқан.Көбінесе мыналар жатады :
Hal-галоген NO3- -нитрат NO2 -нитрит SO4 -сульфат SO3 -сульфит CO3 -карбонат CN-циан
H2O–аква NH3-аммин CO-карбонил NO-нитроза OH-гидроксо
O-окси SCN-родано
Бұл қосылыстарда пайдаланбаған электрон жұбтары бар
Комплексті ион немесе КҚ ішкі сферасы – бұл КТ және Л тұрады.
Олар донорлы-акцепторлы байланысқан күрделі ион:
[ Аg(CN)2]-
Комплекс ионның заряд саны сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ кері мәнді болады.Комплексті қосылыстың құрамы белгілі болса, комплекс түзушінің зарядын табу қиын емес. Ол үшін комплексті қосылыстың формуласына кіретін басқа иондардың барлығының зарядтарының алгебралық қосындысын шығарып оған теріс мән қояды.
Х = +1
Координациялық көлем немесе денттатылы - лиганданың КТ маңында орналасқан жерінің көлемі.
Лигандтар дентаттылығы бойынша классификацияланады:
бір дентаттылығы (1орын)- H2O, NH3, CO, NO, OH, CN, SCN, Hal
бидентаттылығы (2орын) – CO3, SO4, O, C2O4, H2N-CH2-CH2-NH2
көп дендантты –үш, төрт, бес, алты.
Комплексондар - органикалық лигандтар, өзінің құрамында алкилкарбокситобы амино тобымен байланысқан
Мысалы: (NH2СН2СООН) – α- амин қышқылы
I.Катионды комплекстер орталық ионның айналасына бейтарап молекулалар (NO, NH3, H2O) координацияланғанда түзіледі.
[Al(H ₂O)₆]Cl₃ [Al(H ₂O)₆] ³⁺ +3Clˉ
Комплексті иондар оң зарядталған.
Анионды комплекстерде комплекс түзушінің ролін оң зарядталған ион, ал лигандтар ролін аниондар атқарады.
К[ Аg(CN)2] [ Аg(CN)2]- + К+
Бейтарап комплекстер атомының айналасында молекулалар координацияланғанда немесе оң зарядталған комплекс түзушінің айналасында анион мен молекулалар қатар координацияланғанда түзіледі [ Fe ( CO)5 ]
II. Лигандтың табиғаты бойынша кешенді қосылыстар бөледі:
Аммиакаттар - КҚ ішікі сферасында лиганд ретінде NH3 молекуласы бар.
Аквакомплекстер - КҚ лигандттар су молекулалары болады.
Гидроксокомплекстер – лигандалары ОН- тобы
Ацидокомплекстері - лигандалары қышқыл қалдығы.
Аралас комплекстер - лигандалары аралас.