11. Элемент қасиеттерінің периодтылығы Атом радиусы


Гибридтену теориясы - валенттік ба



бет6/32
Дата25.05.2023
өлшемі101,78 Kb.
#97313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
33.Гибридтену теориясы - валенттік байланыс (ВБ) әдісінен шығатын теория. Мұнда молекулалардың стереохимиясына қатысты мәселелерге гана тоқталамыз.Орбитальдардың гибридтелу теориясы. Көптеген элементтердің атомдары химиялық байланыстар түзуге өздерінің әр түрлі деңгейшелерінде жатқан электрондарын пайдаланады. Осыдан келіп бір элементтің әр түрлі пішінді орбитальдары басқа элементтің орбитальдарымен әрекеттескенде түзілген химиялық байланыстар беріктігі неге бірдей болады деген сұрақ туады. Бұл сұраққа тек элементтер атомдарының гибридтелу теориясы жауап береді.Бұл теория бойынша химиялық байланыс түзердің алдында атомның әр түрлі орбитальдарының пішіндері мен энергиялары бірдей, кеңістікте симметриялы түрде орналасқан жаңа гибридті орбитальдар болады. Жеке s – немесе р – орбитальдардың қатысуымен түзілген химиялық байланыстарға қарағанда гибридті орбитальдардың қатысуымен түзілген химиялық байланыстар мықтырақ болады. Өйткені гибридті орбитальдар басқа орбитальдарға қарағанда көбірек қаптасады.Екінші негізгі топша элементтерінің қозған күйлерінде бір s -, бір р –электрондары болады. Сондықтан бұл элементтердің бір s - , бір р –орбитальдарының гибридтелуінен пішіндері және энергиялары бірдей, бір –біріне 180° бұрыш жасай орналасқан екі гибридті орбитальдар тҥзіледі.молекулалық геометрия немесе молекулалық құрылым- атомдардың орталық атом айналасында кеңістікте таралуы. Атомдар электрондардың тығыздығы жоғары аймақтарды бейнелейді, сондықтан байланыстарына қарамастан (бір, екі немесе үш) электронды топтар болып саналады.Элементтің молекулалық геометриясы оның кейбір физикалық немесе химиялық қасиеттерін сипаттай алады (қайнау температурасы, тұтқырлығы, тығыздығы және т.б.). Мысалы, судың молекулалық құрылымы оның ерігіштігін анықтайды.
34.Бор постулаттарыІ. Атом ерекше кванттық станционар күйде болады. Әрбір кванттық стационар күйге белгілі энергия сәйкес келеді. Мұндай күйде атом энергия шығармайды (жұтпайды да)ІІ. Атом бір станционар күйден екінші күйге көшкенде ол электромагниттік квант шығарады немесе оны жұтады (мұндағы және станционарлық күйлердегі энергия)Бордың бірінші постулаты бойынша атомда электрондардың белгілі бір стационар орбиталары бар. Бор стационар орбиталар үшін мына шарт орындалуы тиіс деп тұжырымдады:merv=nħ
мұндағы n =1,2,3, ... . Бұл шарт бойынша стационар орбиталардағы электронның импульс моменті ħ Планк тұрақтысынан бүтін еселікке үлкен дискретті мәндерге ғана ие бола алады. Сонымен бірге Бор атом ядросының өрісінде қозғалып жүрген электронға Ньютонның екінші заңы мен Кулон заңын қолдануға болады деп есептеді. (Ал оның ұсынған өрнегі классикалық физикаға қарама-қайшы екенін ескерте кетейік.)Заряды Ze атом ядросының өрісінде бір электрон қозғалып жүрген жүйені қарастырайық. Егер Z = 1 болса, бұл сутегі атомы, ал егер Z > 1 болса, бұл сутегі тектес атом, яғни ион. Ядро тарапынан электронға kZe2/r2 Кулон күші әрекет етеді, бұл күш Ньютонның екінші заңы бойынша электронның массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең.Бор теориясы атом құрылымының теориясын жасаудағы алғашқы қадам болып табылады. Ол классикалық физика заңдылықтарын микроәлем физикасының құбылыстарына қолдануға жарамайтының айқын көрсетіп берді. Бірақ алғашқы жетістіктерден соң Бор теориясы көптеген қиындықтарға кездесті. Мысалы, ол сутегінен кейінгі ең қарапайым гелий атомының теориясын жасауда толық сәтсіздікке ұшырады. Сәтсіздіктердің басты себебі теорияның ішкі логикалық қарама-қайшылығында еді, ол жартылай классикалық, жартылай кванттық көзқарастарға сүйенді. Қазіргі кезде Бор теориясы, негізінен, тарихи қызығушылық тудырады. Бірақ бұл теория қазір де бірқатар маңызды физикалық ұғымдарды (мысалы, энергетикалық деңгейлер ұғымын) енгізуге қолданылатын ыңғайлы механикалық модель болып табылатынын есте ұстаған жөн. Сонымен, Бор теориясы кванттық механиканы құрудағы өтпелі кезең болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет