11. Элемент қасиеттерінің периодтылығы Атом радиусы


Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік



бет8/32
Дата25.05.2023
өлшемі101,78 Kb.
#97313
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
36.Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.1)Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде əрекеттесетін заттардың н/е реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.Химиялық реакция жылдамдығына əсер ететін факторлар:Катализаторлардың жəне бəсекелестердің болуы; Температура;Қысым, т.б
2)Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Тура реакция жүрген сайын реакцияға алынған заттың концентрациясы азайып, v1 — жылдамдығы кемиді, керісінше, тіке реакциядан пайда болған өнімнің концентрациясы артып, v2 күшейеді. Біртіндеп екі реакция жылдамдығы теңеседі: v1=v2. Осындай жағдайды химиялық тепе-теңдік деп атайды.Тепе-теңдік орнағанмен қарама-қарсы бағытталған екі реакция да тоқтамай жүре береді. Егер сыртқы жағдай (қысым, концентрация, температура) өзгермесе реакция жылдамдықтары тең болып, химиялық тепе-теңдік орнаған қалпында қала береді, сондықтан оны жылжымалы немесе [динамикалық] тепе-теңдік деп те атайды.Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы дейді. Химиялық тепе-теңдік орнаған кездегі реакцияға қатысқан əр заттың концентрациясы тепе-теңдік концентрациясы деп аталады. Химиялық тепе-теңдікті сан жағынан сипаттайтын көрсеткіш тепе-теңдік константасы (тұрақтысы) (К) деп аталады.


37.Донорлы-акцепторлық және сутектік байланыс.Донорлы-акцепторлы байланыс.Бір атомның қос электронды орбиталі (донор) екінші атомның бос орбиталімен (акцептор) бүркескенде түзілетін коваленттік байланыс донорлы-акцепторлы байланыс деп аталады.Донор-бұл қос екі электрондық бұлты бар атом,ал акцептор бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталі бар бөлшек.Сутектік байланыс деп сутек атомы мен электртерістілігі жоғары атомдар арасында болатын химиялық байланыстың түрін айтады. Сутектік байланыстың нəтижесінде заттардың қасиеттері өзгереді.Байланыстың бұл түрінде молекулалар сутек арқылы байланысады. Байланыстың бұл түрі табиғатта өте кең тараған.Сутектік байланыс əр түрлі зат, бір түрлі зат молекулалары арасында, типті бір молекуланың ішіндегі атомдар арасынды болады.Мысалы, су молекуласының құрылысын қарастырсақ, онда екі атом сутек бір атом оттекпен полюсті ковалентті байланыс арқылы байланысқан. Электрон жұптары электртерістігі жоғары элемент элемент оттек жаққа көбірек ығысқан. Нəтижесінде, су молекуласының сутек атомдары жағында оң заряд пайда болады.Мұнда сутек акцептор болып табылатныдықтан, судың басқа молекуласындағы оттектің артық электрон жұбын өзінің бос орбитальне қабылдау арқылы химиялық байланыс түзе алады. Сөйтіп судың бірнеше молекуласы бірімен бірі байланысып димер, тример, тетрамерлер түзеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет