11. Элемент қасиеттерінің периодтылығы Атом радиусы


Тотығу-тотықсыздану потенциалы —



бет11/32
Дата25.05.2023
өлшемі101,78 Kb.
#97313
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
Сессия фризззззз

41. Тотығу-тотықсыздану потенциалы — электрқозғаушы күш арқылы сипатталатын тотығу-тотықсыздану реакциясыжағдайында заттың электронды қосып алу немесе бөліп шығару қарқындылығының мөлшері; милливольтпен өлшенеді. Бұл көрсеткіш ортаның тотықтыру немесе тотықсыздану мүмкіндігінің өлшемі рөлін атқарады;арнаулы аспаптар көмегімен анықталатын бұл шама әдетте ЕҺ шартты белгісімен өрнектеледі.
Нернст теңдеуі электрохимиялық жасушаның кернеуін есептеу үшін немесе жасушаның компоненттерінің бірінің концентрациясын табу үшін пайдаланылады .


42. Ерітінді дегеніміз-екі немесе одан да көп компоненттерден және қатты,сұйық немесе газтәрізді гомогенді жүйеден тұратын қосылысты атайды.
Ерігіштік-бұл заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті,суда ерігітігіне қарай заттар 3 топқа бөлінеді.1.жақсы еритін:мысалы,спирт,глицерин,сутек пероксиді,сірке қышқылы суда жақсы ериді.2.аз еритін:мысалы,эфир,анилин суда белгілі бір екке дейін араласады.Температураны көбейтсе одан жа жақсы ери бастайды.3.іс жүзінде ерімейтін:суды бензолмен және керосинмен араластырғанда көрінеді. Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе[1]; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Ерітінділердегі бөлшектердің мөлшеріне қарай ерітінділер жүзгін ( суспензия, эмульсия) , бөлшек мөлшері (радиустары) –
см; коллоидты ерітінділер –
см; шын (нағыз), молекулалық ерітінділер –
см аралығында болады. Нағыз ерітінділерде таралып жүрген зат жеке молекулаларға не жеке иондарға дейін ұсақталады. Олар өте тұрақты, ұзақ уақыт дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаға ыдырамайды. Біз нағыз сулы ерітінделерді қарастырамыз. Ерітінділердің қасиеттері ерітіндіні құрайтын компоненттердің концентрациясына тәуелді болады.Заттардың ерігіштігі. Әр түрлі заттардың ерігіштігі еріткіштің табиғатына, сыртқы термодинамикалық жағдайларға – температураға, қысымға байланысты болады.Заттардың ерігіштігін түсіндіретін жалпы теория жоқ, тек «ұқсас заттар бір – бірінде ериді» деген қағида бар. Мысалы, ионды немесе полюсті болатын суда ериді. Көптеген органикалық заттар органикалық еріткіштерде ериді. Сонымен жеке алған зат кез келген еріткіште ери бермейді, тек белгілі бір еріткіште немесе еріткіштерде ериді. Сан жағынан заттардың ерігіштігі қанық ерітіндісінің концентрациясымен немесе 100 г еріткіштегі еріген заттың мөлшерімен анықталады.Газдардың ерігіштігі қысым артуына байланысты өседі, ал температураның жоғарлауына байланысты кемиді. Газдар ерігіштігінің қысымға байланыстылығын Генри заңы анықтайды. Тұрақты температурада газдардың ерігіштігі қысымның өсуіне тура пропорционал.Сұйықтардың сұйықта ерігіштігі температураның жоғарлауына байланысты артады, ол қысымға байланысты болмайды.Қатты заттардың сұйықта ерігіштігі температура өскен сайын артады, ал қысым онша әсер етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет