53. Электролиттік диссоциация теориясы - Өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген молекулалар саны
Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді:α > 30% - күшті;3% < α < 30% - орташа күшті;
α < 3% - әлсіз.
Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02, т. б.Диссоциациялану дәрежесіне заттың және еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы, температура әсер етеді.c1=c•α•nМұндағы:
c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы;
с - заттың молярлы концентрациясы;
α - диссоциациялану дөрежесі;
n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.
54. .Комплексті қосылыстар (лат. complexus — үйлесімділік,қамту), немесе координациялық қосылыстар (лат.. со — «бірге» және ordinatio — «реттілік») — бөлшектер (бейтарап молекулалар немесе иондар), берілген комплекс түзушіге ионға (немесе атомға) лиганда деп аталатын бейтарап молекуланың немесе басқа ионның қосылу нәтижесінде түзілетін қосылыс. Комплексті қосылыстардың қолданылуы: Полимерлер синтездеуде катализатор ретінде қолданылады;
атмосфералық азотты байланыстыру үшін қолданылады;
синтетикалық жуғыш заттарды алу үшін;
металдар коррозиямен күресу үшін;
лак пен бояғыш заттарды алу үшін;
Комплексті қосылыстар әдетте ашық түсті келеді
Гемоглобин - қанға қызыл түс береді;хлорофилл өсімдіктерге жасыл түс береді;– бұл комплексті қосылыстар.транс-[Coen2Cl2]ClK3[Cr(C2O4)3,[Ni(NH3)6](NO3)2,[N(CH3)4][ICl4],[Co(NH3)5Cl]Cl2