51. ҚАЙТЫМДЫРЕАКЦИЯ –әрекеттесуші жүйеде қарама-қарсы екі бағытта өтетін, жылдамдықтары тең, химиялық тепе-теңдік күйдегі реакция. Реакцияның қайтымдылығын көрсету үшін теңдік белгісінің орнына қарама-қарсы бағытталған екі тілше (стрелка) қойылады. Солдан оңға қарай жүретін реакцияны тура, ал оңнан солға қарай жүретін реакцияны кері реакция деп атайды. Мыс.: 3H2+N22NH3; H2+І22HІ; Cl2+H2OHCl+ +HClO, т.б. Реакцияның қайтымды немесе қайтымсыз екендігін анықтау үшін тепе-теңдікке жеткен жүйенің құрамына сапалық талдау жасайды. Егер жүйеден өнімдермен қатар бастапқы реагенттер де табылатын болса, онда реакцияның қайтымды болғаны. Қайтымды реакция соңына дейін, яғни, реагенттер түгел таусылатындай жағдайға жетіп үлгермейді. Реакция өнімдерінің концентрациясы артқан сайын әрекеттесуші массалар заңы бойынша кері реакцияның жылдамдығы жоғарылай бастайды. Бір кезде тура реакция мен кері реакцияның жылдамдықтары теңеліп, жүйеде жылжымалы тепе-теңдік орнайды. Әрекеттесуші заттардың концентрацияларын, қысымды немесе темп-раны өзгерту арқылы жүйеде орнаған тепе-теңдікті қалаған жаққа ығыстыруға болады.Химиялық реакциялар қайтымсыз және қайтымды болып екі топқа бөлінеді. Қайтымсыз реакциялар бастапқы заттардың біреуі немесе екеуі де таусылғанша ақырына дейін жүреді. Олардың ақырына дейін бір бағытта жүруіне реакцияға қатысатын заттардың табиғаты және жоғарыда келтірілген (концентрация, температура, катализатор, молекулалығы мен реті) әр түрлі факторлар әсер етеді. Қайтымсыз реакцияның мысалы ретінде калий хлоратының ыдырау реакцяисын келтіруге болады2KCLO3=2KCL+3O2
Көптеген химиялық реакциялар қайтымды болады да екі бағытта жүреді. Химиялық реакцияның қай бағытта жүруі изобара-изотермалық потенциялдың мәніне байланысты, ал оның мәні энтальпиялық және энтропиялық факторларға тәуелді екені де белгілі. Сондықтан қайтымды реакциялардың екі бағытта тура және кері бағыттарда жүруі осы факторларға байланысты болады. Қайтымды реакцияның мысалы ретінде азот пен сутегінен аммиак түзілу професін келтірейік:N2+3H2 2NH3Тура реакцияның жүруіне энтальпияның азаюы кедергі жасайды, ал энтальпияның азаюы көмектеседі. Сондықтан процестің бас кезінде энтальпияның азаюы есебінен изобара-изотермалық потенциал азаяды да, реакция тура бағытта жүреді.Кері реакцияның жүруіне энтальпия көбеюі кедергі жасайды, ал энтропия көбеюі көмектеседі. Реакция басталғаннан кейін аммиак молекулаларының түзілуіне , оның азот пен сутегі молекулаларына ыдырауына байланысты жүйенің энтропиясы көбейеді және соған сәйкес кері реакцияның изобара-изотермалық потенциалының мәні азаяды да процесс кері бағытта жүреді, яғни кері реакция энтропияның көбеюі есебінен жүреді. Тура реакцияның жылдамдығы кері реакцияның жылдамдығына тең болатын қайтымды реакцияның күйін химиялық тепе-теңдік дейді.Химиялық тепе-теңдік кезінде белгілі бір уақыт бірлігі ішінде тура реакцияның нәтижесінде қанша молекула түзілсе, қайтымды реакцияның нәтижесінде де сонша молекула түзіледі. Химиялық тепе-теңдік кезінде бастапқы және түзілген заттардың концентрациялары өзгермейді және оларды тепе-теңдік концентрациялары дейді.Химиялық тепе-теңдікті сан жағынан тепе-теңдік константасы сипаттайды. Тепе-теңдік константасы жоғарыдакелтілірлген аммиак синтездеу реакциясын мысалға алып қарастырайық