11. Элемент қасиеттерінің периодтылығы Атом радиусы


Диссоциациялану константасы



бет20/32
Дата25.05.2023
өлшемі101,78 Kb.
#97313
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Сессия фризззззз

55. Диссоциациялану константасы.Әлсіз және орташа электролиттер молекулаларының иондарға ыдырауы аз мөлшерде жүретін қайтымды процесс. Сондықтан басқа да қайтымды химиялық процесстер сияқты әлсіз электрлиттер диссоциациясына да массалар әсерлесу заңын қолдануға болады: КА↔К++А-
К= [К+][ А-]/[КА],К- диссоциациялану константасы деп аталатын химиялық тепе-теңдік константасы. Электролиттік диссоциация константасының (К) мәні неғұрлым көп болса, электролит молекулалары соғұрлым иондарға көп ыдырайды. Диссоциациялану константасы электролит күшін диссоциация дәрежесінен көбірек сипаттайды.Диссоциациялану константасы мен дәрежесінің арасында тығыз байланыс бар. КА электролит бір катионға, бір анионға ыдырайтындықтан бұл иондардың концентрациясы өзара тең болады. [К+]=[ А-]=СМ∙α
СМ- ерітіндісінің молярлық концентрациясы; α - диссоциациялану дәрежесі; Иондарға ыдырамаған молекулардың концентрациясын [КА] былай көрсетеді:[КА] = См – См∙α = См(1-α),К= (См∙α∙См∙α)/См(1-α)= (См∙α2)/(1-α),Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесі өте аз болғандықтан 1-α=1 болады. Сондықтан диссоциациялану константасы мынандай болады:К= См∙α2 немесе α= √К/СМ,Бұл теңдеу электролит ерітіндісінің концентрациясының азаюына, яғни сұйылуына байланысты оның диссоциациялану дәрежесінің артатынын көрсетеді (Оствальдтың сұйылту заңы).Электролиттер ерітіндіде иондарға ыдырайтындықтан, электролиттер арасындағы реакция иондар арасындағы реакция болады.Оствальдың сұйылту заңы.Оствальдың сұйылту заңыЭлектролиттік диссоциация дәрежесі мен диссоциация тұрақтысының өзара байланысы сандық түрде Оствальдтың сұйылту заңы деп аталатын теңдеуімен беріледі K = α2 C/ 1- α
Әлсіз электролиттер үшін α шамасын ескермеуге болады,онда 1-α =1 деп алса, теңдеу мына түрде жазылады:КД ═ α2 ∙ С.


56. Химияның негізгі заңдары.Масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.Заттардың массасы сақталу заңы: Реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен, реакцияға қатысқан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар заттар массасы сақталу заңына бағынады.Құрам тұрақтылық заңы. Заттар массасы сақталу заңы ашылуының химияны дамытудағы маңызы өте зор болды. Осы заңға сәйкес көптеген заттардың сапалық және сандық құрамдары зерттеліп анықталды. Заттың құрамы тұрақты, әлде айнымалы бола ма деген мәселе төңірегінде ХІХ ғасырдың басында екі ғылыми пікір айтылды. Қ. Л. Бертолле заттың құрамы айнымалы болуы тиіс десе, Ж.Л. Пруст заттың құрамы тұрақты болады деді. Бұл ғылыми айтыс жеті жылға созылды. Соңында Ж.Л.Прусттың пікірі қабылданып, ол заттың құрам тұрақтылық заңын ашты. Ол заңның қазіргі анықтамасы былай айтылады: Алыну жолына қарамастан молекулалық құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.Еселік қатынас заңы. 1803 жылы ағылшын ғалымы Д. Дальтон еселік қатынас заңын ашты. Ол былай аталады: егер екі элемент бір – бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің белгілі бір тұрақты массасына келетін екінші элементтің массаларының өзара қатынасы кіші бүтін сандардың қатынасындай болады.Эквиваленттер заңы – әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.1811 жылы А.Авогадро кейін заңға айналған гипотезасын ұсынды: Бірдей жағдайда әр түрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.Авогадро газ тәрізді жай заттардың молекулалары екі атомнан тұрады деп көрсетті.Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т ( Т = 273 + t) анықтайды. Қысым 1,013×105 Па ( 760мм сынап бағ.) , температура 273К не 0°С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р0, Т0 , t0 , V0 .Бойль- Мариот заңы.Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V1p1 = V2p2 = …,яғни Vp=const, V1/ V2 = p2 /p1.Гей-Люссак заңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 Тұрақты көлемде: р1/ р2 = T1/ T2.Менделеев- Клапейрон теңдеуі. Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V1p1/ T1 = V2p2/ T2 неV p/T = V0p0/ T0 , егер күйлердің бірі қалыпты болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет