67.Тұздар, жіктелуі, алынуы, қасиеттері.
1. Тұздар, жіктелуі, алынуы, қасиеттері.
2. Тұздар — химиялық
қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына
ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық
құрылымдағы кристалл заттар.3. Тұздар ерте заманнан белгілі. 1812 жылы Я.Берцелиус тұздардың электрхимиялық теориясын құрды. Электролиттік диссоциациялану теориясы шыққаннан кейін,тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталды. Мысалы,
NaNO3 Na+1+NO3−1.Тұздар негізінен катты заттар, олардың суда ерігіштігі арнайы кестеде беріледі
(химия кабинетінде ілініп тұрады) және «ерігіштік кестесі» деп аталады. Онда суда еритін заттар «е», аз еритіндері - «а.е», ерімейтіндері - «ем», суда тұрақсыздары сызықшаман (-) белгіленген. Тұздардың ішінде нитраттар жақсы ериді, ал барий
сульфаты, кальций карбонаты, күміс хлориді, қорғасын (II) сульфиді т. т. іс жүзінде
ерімейді. Калий мен натрийдің барлық түздары суда ерімтал келеді.Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен
металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орынбасу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен боскүйіндегі металл алынады.Мысалы, сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шеге салсақ,
оның беті біраздан кейін қызыл мыспен қапталады:
CuSO4+Fe=FeSO4+Cu
Бұл типті реакциялардың сұлбасы мынадай:
тұз + металл (белсенді) = тұз (жаңа) + металл
(белсенділігі төмен)
Осы реакция кері бағытта жүре ме? Жоқ, жүрмейді, себебі мыс металдардың белсенділік қатарында сутектен кейін тұр. Мұндай типті реакциялар жүру үшін мына шарттар орындалуы керек.
1. Белсенділік қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды
олардың тұздарынан ығыстырады.
2. Реакцияға алынған және түзілген тұз ерімтал болу керек, егер түзілген тұз ерімейтін
болса, тұз металл бетін қаптап қалады да, реакция жүрмейді.
Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуіӨңдеу
Сынауыққа мәрмәр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйсақ, төмендегі
реакция жүреді, нәтижесінде газ бөлінеді:
СаС03+2НСl=СаСl2+Н2С03
Н2С03=Н20+С02↑ (реакцияның жүру белгісі)
2NaCl+H2S04=Na2S04+2HCl↑
Жалпы сұлбаны былай беруге болады:
тұз + қышқыл = тұз (жаңа) + қышқыл (жаңа)
Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары:
Реакцияға қатысқан қышқыл реакция нәтижесінде түзілетін қышқылдан күшті және
тұрақты болу керек.
Тұздардың өзара әрекеттесуіӨңдеу
Сынауыққа барий хлоридінің ерітіндісін құйып, оған натрий сульфатының
ерітіндісін коссақ, ақ түсті тұнба пайда болады, ол мына реакцияның жүргендігінен:
BaCl2+Na2S04=BaS04↓+2NaCl
NaCl+AgN03=AgCl↓+NaN03
Реакция типі - алмасу, мұндай реакциялардың жүру шарттары мынадай:
1. Реакцияға қатысатын тұздардың екеуі де ерімтал болуы керек.
2. Түзілген тұздардың біреуі тұнбаға ( ↓ ) түсуі керек.
Сұлбасы мынадай:
тұз + тұз = тұз (жаңа) + тұз ↓(жаңа)
Тұздардың металдармен әрекеттесуі
Тәжірибені қарастыратын болсақ . Мыс хлоридінің көгілдір ерітіндісіне темір шегені
батырса , біраз уақыт өткенде ерітіндінің түсі жасылданып, шегенің бетіне қызыл
сары мыс қонғаны байқалады.Белсендірек темір мысты тұзынан ығыстырып
шығарады:
Fe=CuCl2=FeCl2+Cu
Әрбір металлдың басқа металдарды оның тұздарынан ығыстырып шығаруы,
металдардың кернеу қатарына тікелей байланысты. Бұл былай өрнектеледі:
Металл+тұз+жаңа тұз+бос металл
Мысалы: Zn+Cu(NO3)2=Zn(NO3)2+Cu