Оқу қызметінің жүргізілу жүйесі: Техникалық сұрақтар (3минут)
Оқу қызметінің тақырыбына сәйкес-(8-10 минут)
Сергіту сәті-(2 минут)
Қорытынды ( 5 минут)
Күтілетін нәтиже: Балалар білуге тиіс: -компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын:жүйелік блок, монитор;пернетақта, тінтуір;
— компьютермен қауіпсіз жұмыс ережесін;
-тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті объектіні таңдай білуді;
-тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істей білуді;
-компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық талаптар т.б
Қорыта келгенде,балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану-бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы.Ақпараттық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде-оқытудың жаңа моделін құруға жол ашылып отыр.Ақпараттық технология оқу қызметті түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен бірге оқу қызметті жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі.Жаңа ақпараттық технологиялармен қамтылған еңбек нәтижелі болады, адам мәдениетті болады, өзіне, қоғамға,оның материалдық және рухани құндылықтарына деген құрмет пайда болады.Ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдана білу педагогикада жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттарда өзін жайлы сезінуіне, балабақшаға-ашық білім беру жүйесі ретінде қызмет ету мен даму режиміне көшуіне көмектеседі.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдансақ, қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан – жақты көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастырсақ еліміздің болашағы баянды болмақ!