Электронмен соқтығысу барысында 13,24 *10-19 Дж энергия ала отырып, атом сәуле квантын шығарады. Сәулеленудің жиілігін анықта.( петагерцпен). Планк тұрақтысы 6,62*10-34 Дж*с. (1 ПГц=1015 Гц)
Фотон энергиясы 3*10-19 Дж жарық әсерінен металл бетінен ыршып шығатын фотоэлектрондар үшін тежегіш кернеу неге тең болады? Осы металл бетінен шығу жұмысы 3*10-19 Дж. Электронның заряды 1,6*10-19 Кл.
Жарықтың толқын ұзындығы 5*10-7 м, металл бетінен электрондардың шығу жұмысы 3,3*10-19 Дж болса, фотоэффект құбылысы байқала ма?
*Толқын ұзындығы 500 нм жарықпен фотоэлементті жарықтандырғанда фотоэлектрондар 1,125 В кернеумен тежеледі. Толқын ұзындығы 250 нм жарықпен фотоэлементті сәулелендіргендегі тежегіш кернеудің шамасын анықта.
2- нұсқа
Жарықтың фотон импульсі 1,1*10-27 кг*м/с болса, жарықтың толқын ұзындығы неге тең болады? Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с.
Толқын ұзындығы 0,33 мкм ультракүлгін сәулелердің әсерінен металл бетінен ыршып шығатын электрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы қандай болады? (эВ). Электрондардың шығу жұмысы 2,8*10-19 Дж. Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с. (1 эВ=1,6*10-19 Дж)
Металл бетіне түсетін жарықтың толқын ұзындығы 2 есе кемігенде, фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы 3 есе өсті. Электрондардың шығу жұмысы 5 эВ болса, фотондардың бастапқы энергиясын анықта (эВ).
* 66 кВ кернеумен және 15 мА ток күшінде жұмыс істейтін рентген түтікшесі әрбір секунд сайын 1016фотон шығарады. Жарықтың толқын ұзындығын 10-10 м деп санап, қондырғының ПӘК-ін анықта (пайызбен). Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с.