I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
II-тоқсандық бақылау жұмысы Физика және астрономия 9-сынып Тақырыбы: Сақталу заңдары. Тербелістер. Математикалық және серіппелі маятник-
Тердің тербелістері.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
Б.Б.Д: Оқушылар импульс, серіппелі және математикалық маятник тербеліс пе-
риоды формулаларын білуі тиіс, кинетикалық энергия мен импульстің фор-
муласын, потенциалдық энергия мен серпімділік күшін байланыстыра алуы
тиіс, импульстің сақталу заңын қолдана алуы тиіс.
I- нұсқа I . Дененің импульсі 10 кг·м/с, ал кинетикалық энергиясы 20 Дж. Дененің
жылдамдығын тап.
Бірінші дененің массасы екіншісінікінен 3 есе көп, ал жылдамдығы 3 есе аз.
Олардың киентикалық энергияларын салыстыр.
III. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 0,2 с, ал серіппенің қатаңдығы 200 Н/м
болса, серіппедегі жүктің массасын тап.
II- нұсқа
I. 1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан массасы 20 т вагон жолында
тұрған массасы 10 т платформаға соғылып тіркеседі. Ары қарай, олар қандай
жылдамдықпен қозғалады?
II Серіппені 3 см-ге жиыру үшін 20 Н күш жұмсалған. Сығылған серіппенің
потенциалдық энергиясын тап.
III. Бірдей уақыт ішінде маятниктердің біреуі 30, ал екіншісі 36 тербеліс жасайтын
болса, олардың периодтарын салыстыр.