I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
I-тоқсандық бақылау жұмысы Физика және астрономия 9-сынып
Тақырыптар: Қозғалыс және денелердің өзара әсерлесуі.
Мақсаты:Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.
Б.Б.Д: Оқушылар механикалық қозғалыс салыстырмалылығы, жол және орын
ауыстыру, жылдамдық, күш, период, жиілігі сияқты ұғымдардың фи-
зикалық мағынасын түсінуі, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ке-
зіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған
формулаларды қолдануы, Ньютон заңдарының әсерін көрнекі түрде
көрсете алуы тиіс.
I- нұсқа
1. Қандай қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады ?
Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының анықтамасын беріңдер.
Үдеу дегеніміз не?
Ньютонның II- заңын тұжырымдаңдар.
Массасы 5 кг дененің 15 м/с үдеумен вертикаль құлауы үшін оған
қандай күш әсер етуі керек?
III. Жеңіл автомобильдің массасы 2 т, ал жүк автомобилінікі 8 т. Жүк автомобилінің тарту күші жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.
II– нұсқа
1. Материялық нүкте деген не?
Векторлық шамалар қалай қосылады?
Бірқалыпты қозғалыстағы орын ауыстырудың формуласы.