11 Тақырып: Ғылыми стильдегі құжаттар мәтіндік құрылым ретінде Сұрақтар


тақырып: Ғылыми мәтіндердің түрлері және оларды орындау



бет4/6
Дата08.06.2023
өлшемі45,63 Kb.
#99906
түріМонография
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекции НИР с 11 по 15 2023

13 тақырып: Ғылыми мәтіндердің түрлері және оларды орындау әдістемесі ретінде жоспарлар, тезистер, рефераттар. Ауызша сөйлеу әдістемесі. Презентацияларды ресімдеу

Жинақы мәтін дегеніміз - оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі.
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігі сақтала отырып, оқырман үшін басы артық элементтер алынып тасталады.
Жинақы мәтін - негізгі мазмұн сақталған екіншілік өңделген мәтін.
 Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен қысқаша бекіту үрдісі.
 Түпнұсқа мәтін жинақы мәтінге айналады.
 Тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі.
Жинақы мәтін формалары:
 Тезис
 Аннотация
 Презентация
 Конспект
 Кесте
 Схема
 Тезистік жоспар

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.

Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.

"Реферат" сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Іс жүзінде барлық сөздіктер бұл сөдің мағынасын бірдей ашады. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.
Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:
1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
2. Рефераттың құрылымы
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
4. Рефератты қорғау
1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
- тақырыпты таңдап онымен танысу;
- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу
- әдебиттерді зерттеу
- жиналған материалдың жүйелілігі
- рефератты жазу
Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.
Әдебиеттерді зерттеуді тақырып атауынан бастау керек. Әдебиетті зерттеген кезде оларға кейін көңіл аудару үшін негізгі ойлар мен ережелерді, дәлелдерді, дәлелдемелерді, тұжырымдамаларды белгілеп алу керек. Келтірілген деректер мен маңызды тұжырымдамаларға көңіл бөліңіз, ыңғайлы болу үшін оларды карточкаларға жазып қойыңыз. Толық библиографиялық басылымды карточкада көрсетуді ұмытпаңыз. Әдебиет көздерін зерттеп біткеннен кейін жиналған материалды жүйелеу мен талдау жұмысы басталады. Карточкалар мен конспекттерді қарап шығу нәтижесінде қажетті мәлімет рефераттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жіктеледі. Осы кезеңде жұмыстың соңғы жоспары анықталып, материалдың ой салуымен жаңа сюжеттер пайда болады. Егжей-тегжейлы жоспар жасау қажет. Сол уақытта рефераттың негізгі бөлігінің жалпы құрылымы анықталады.
Материалды топтастыру - техникалық жұмыс емес. Деректерді іріктеудің өзі жұмыс болжамдарын әзірлеуді көздейді. Бұл ретте барлық тарау толығымен материалмен қаматамасыз етілмеуі мүмкін. Ол карточкаларды тараулар бойынша жіктеген кезде анықталады. Мұндай жағдайда дереккөздерді қайтадан қараған немесе рефераттың жалпы құрылымын не жеке бөліктерін қарап шыққан дұрыс. Материалды жүйелеудің соңғы нәтижесі бір мағыналы қатаң тексерілген тұжырымдама жасау болып табылады.
Рефератты жазу - соңғы кезең болып табылады. Әрбір тармағы материалмен қамтамасыз етілген, жақсы ойластырылған жоспар болса, реферат жазу қиындық әкелмейді. Рефератты кіріспеден емес, негізгі бөлімнен бастап жазған дұрыс. Негізгі бөліммен жұмыс жасау барысында ғана әдебиеттер мен дереккөздерді түсінуге болады. Шығармашылық үдерісі нәзік әрі дара болып келеді. Барлық авторларға ортақ мынадай ережелер бар:
- жұмыстың жүйелілігі
- тиянақтылық
- асығыстықтың болмауы
2. Рефераттың құрылымы 
Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.
- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек) 
- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)
- негізгі бөлім
- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе мен қорытынды негізгі бөлім бойынша жасалған жұмысты түсіндіруі керек.
Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу). Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.
Кіріспе құрылымды келесі сөздермен "Реферат кіріспеден, ... тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. 1-ші тарау ... арналады, 2-ші тарауда ... сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі" сипаттаумен аяқталады.
Негізгі бөлім берілген тақырыпты зерттеуге арналған. Бұл бөліктің атауы реферат атауымен аталады. Бұл бөлік ең үлкен болып, жұмыстың 3/2 бөлігін алуы керек. Барлық тараулар мен тармақшаларда қысқаша әрі нақты атау болу керек. Материалды баяндауда қисынды сақтау керек. Рефераттың негізгі бөлімінде түрлі дереккөздерінен алынған мәліметтерден басқа келтірілген деректерге сүйенетін, яғни жұмысты толық немесе оның кез келген жеке тармақшасын құруға арналған міндет - зерттеме - қорытынды формуласын пайдалану арқылы өзіңіздің пікірлеріңіз бен қисынға келтірілген тұжырымдарыңыз болғаны дұрыс.
Қорытынды негізгі бөлімнен шығып нақты әрі қысқаша болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - тақырыпқа байланысты бүкіл әдебиеттердің емес, осы рефератты жазуда пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі болып табылады. Оған сілтемеде көрсетілген әдебиеттер де кіреді.
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1,0.
Титулдық бетте рефераттың тақырыбы мен кітапхана көрсетіледі. Рефераттың жазылуының жылы мен орны астыңғы жақта ортасында, жеке бетте конкурсқа қатысудың сұранымы болады. Сұраным формасы:
Қатысушының аты-жөні, тегі:
Жасы
Қысқаша биографиясы (эссе)
Кітапхана
Тақырыбы
Мекен-жайы, байланыс телефоны, e-mail
Рефератпен жұмыс жасаған кезде ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сонымен қоса оларды дұрыс ресімдеу керек.
Сілтемені:
- дәйексөздерде
- сандарды, деректерді, атауларды көрсеткенде
- ұйғарымдарды анықтаған кезде жазу керек.
Сілтемелер түрлі тәсілдермен ресімделеді. Мысалы: жолма-жол әр беттегі келтірілген сандар мен дәйексөздер "1-ден бастап әрі қарай" сандармен белгіленеді немесе саны артатын "жұлдызшалармен" белгіленеді, мәтіннің төменгі жағындағы әр беттік сілтеме негізгі бөліктен 3-4 см. сызықпен бөлінеді, сызықтың астында сілтеменің номері мен библиографиялық сипаттама көрсетіледі.
4. Рефератты қорғау 
Сіз рефератты қарап шығуға мерзімінен бірнеше күн бұрын ұсынуыңыз керек. Қорғау кезінде оның негізгі бөлігін айтудың қажеті жоқ. Сол кездің өзінде рефератты қорғау сұрақ-жауап кешіне айналмауы керек, ол бәрін айтып шығуға мүмкіндік бермейді. Өз жауабыңызды сауатпен және қисынмен негіздеңіз. 5-15 мин ішінде рефераттың өзектілігі жайлы, қойылған мақсат пен міндеттер туралы, зерттелген материал, негізгі бөлімнің құрылымы жөнінде, жұмыс барысында жасалған тұжырымдарыңызды айтып үлергеніңіз маңызды.
Нәтижесінде реферат бірнеше мәселе бойынша бағаланады:
- рефератқа қойылатын ресімді талаптардың сақталуы;
- тақырыпты сауатты ашу;
- ұсынылған реферат туралы айқын айта білу;
- қойылатын сұрақтарды түсіну қабілеті мен оларға нақты жауаптар таба білу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет