3.Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, жіктелуі.
Нарықтық қатынастар аясында экономикалық еркіндік шегіндегі кәсіпкердің мінез-құлық бәсекелік стратегия арқылы көрінеді. Бұл жағдайда кәсіпкердің негізгі міндеті, нарықтағы тауарлар мен қызметтерді іздеу мен өз орнын табу ғана емес, сонымен қатар нарықтан оппонентті шығарғысы келетін кәсіпкер-бәсекелестердің іс-әрекетіне қарсы тұру болып табылады. Сәйкесінше, аталған жағдай өндірістік-шаруашылық қызмет барысындағы әр түрлі шығындармен қоса, тәуекел кәсіпорынның қаржылық және коммерциялық операциялардың ажырамас бқлігіне айналады. Сондықтан тәуекелді көре біліп, оны минималды мүмкін деңгейге дейин төмендетуге ұмтылу қажет.
Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыра отырып, өнім өндіру, сату және сатып алу барысында туындайтын тәуекелдерді, тәуекел шығындардың орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар зиянның алдын алу мақсаты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу тиіс.
Кәсіпкерлік тәуекел - кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.
Тәуекелдердің жіктемесін әр түрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:
пайда болу себептері бойынша;
кәсіпкерлік салалары мен функционалды түрлері бойынша;
сақтандыру мүмкіндігі, жіберу деңгейі бойынша және т.б.
Өндірістік тәуекел өндіріслік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері болып өндірістің әр түрлі себептерден тоқтауы, өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым құралдарының жойылуы, құрал-жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу жөнім өндіруші және тұтынушы арасындағы келісімшарт өз міндеттемелерін орындай алмаумен байланысты туындайтын өндірістік тәуекел.
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен қарым-қатынастар аясында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері болып қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғарғы алшақтығы, кредиторларға тәуекелдік, капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттары орынсыз жұмсау. Қаржылық тәуекел фирма қызметін қаржыландыру үшін қарыз алу нәтижесінде фирманың өз қаржылық міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігімен байланысты.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкермен өндірілген немесе сатып алынған тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері болып нарық конъюнктурасында, коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы.
Өзінің қызмет ету барысында кәсіпкерлік фирмалар кезігетін тәуекелдердің белгілі бір түрлері бар. Олар:
заңды тәуекел заңнамалық актіледің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген өзгерістерге байланысты;
инвестициялық тәуекел техникалық-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен, жоба құнының күрт өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен негізделеді. Сонымен қатар жеке меншік сатып алынған бағалы қағаздардан туындайтын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануымен байланысты;
нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты;
сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім қндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өтізуге дейін) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары,еңбек, қаржылық, ұақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материалдық шығындар - бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалдық объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).
Еңбек шығындары – кездейсоқ немесе күтпеген жағдайлардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі –«адам-сағат» немесе адам-күн)
Қаржылық шығындар – тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардың жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарыздарды әр түрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен, айлармен өлшенеді) пайда болады.
Шығындардың арнайы түрлеріне клесілерді жатқызуға болады: адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкер беделіне зиян келтіру және басқа да қолайсыз әлеуметтік және моральдық-психологиялық факторлармен байланысты шығындарды жатқызуға болады. Шығындардың арнайы түрлерінің ерекше тобына- саяси сипаттағы факторлардың күтпеген әсерінен болатын шығындарды жатқызуға болады. Олар адамдардың қалыптасқан экономикалық жағдайына түсінбеушілік енгізеді, өндірістік-шаруашылық қызметтің ырғағын бұзады, шығындардың өсуіне және табыстардың төмендеуіне әкеледі.
Тәуекелді бағалау – бұл тәуекел шамасын (дәрежесін) сандық және сапалық тәсілмен анықтау. Тәуекелді бағалаудың әмбебап тәсілдері жоқ. Пайдаланып жүрген тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тәсілін таңдау нақты жағдай мен кәсіпкер тұлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тәсілді ұштастырып, яғни кәсіпкерлік тәуекелді құрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дұрыс. Сапалық бағалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясын сипатталады. Сапалық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты міндеті – орындау барысында тәуекел пайда болвтын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.
Тәуекелді бағалау барысында тәуекел дәрежесін анықтау қажет және ол келесідей болуы мүмкін:
жіберілетін – жоспарланған объекті өткізуден түсетін табысты толық жоғалту қаупі;
шегіне жеткен – тек қана табыстың түспеуі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкер қаражаттары есебінен қарыздардың жабылмауы мүмкін;
катастрофалық – капиталдың, мүліктің жоғалуы, кәсіпкердің банкротқа ұшырауы да болуы мүмкін.
Кәсіпкер тәуекелі сандық түрде, салынған капиталдың түскен ықтималды немесе жоспарланған, максималды және минималды табысты (зиянды) субъективті бағалаумен сипатталады. Сонымен қатар, мұнда алынған табысты (зиянның) максималды және минималды деңгейінің арасындаға диапозон неғұрлым үлкен боған сайын, тәуекел дәрежесі де жоғары болады.
Сандық бағалау тәуекелдерді сандық сипаттауға, оларды талдау мен салыстыруды өткізуге бағытталған. Тәуекелді сандық бағалау жағдайында әр түрлі әдістер қолданылады.
Кейде сандқ және сапалық бағалауды сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау негізінде жүргізеді: олардың жекелеген элементтерінің кәсіпорынның жұмысына әсер ететін үлес салмағы элементтік бағалау жүзеге асырылады және оның ақшалай көрсеткіші анықталады. Мұндай әдіс сандық талдауда өте көп еңбекті қажет етеді, бірақ сапалық талдауда ұтымды болып табылады.
Абсолюттік талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды-заттық (физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.
Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің атылған түрін жұмсалған ресурстардың жалпы құнын қатысты шығынның сомасы ретінде анықталады.
Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін. Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары – орташа күтілетін мәні, дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.
Вариация – нәтижесінің бір нұсқасынан екіншіге өту барысындағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі.
Дисперсия – нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы.
Осылайша, тәуекел дәрежесі екі критериймен өлшенуі мүмкін: орташа күтілетін мәнмен, мүмкін болатын нәтиженің құбылуымен (өзгергіштігімен).
Орташа күтілетін мәне – белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің (жағдайыдың) мәні. Ол әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәннің жиілігі немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкін болатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін нәтиже есептеледі.
Сараптамалық бағалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен мамандардың ой-пікірлерін өңдеу жолымен сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.
Есептік-аналитикалық әдіс – шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруға және кәсіпкерлік тәуекел көрсеткіштерін бағалауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |