1109 Экология және тұрақты даму


Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы



бет25/68
Дата16.03.2023
өлшемі311,62 Kb.
#74823
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
umk ekol turakt damu 13 yanvar

3. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. 1.абиогеноз теориясы(тірінің өліден пайда болуы) 2.биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы) Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады. Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклейн қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесу функциясы болып табылады. Нуклеин қышқылы-нуклеотид полимерлері болып табылады, ал ол кезегінде азоттық негізден, центоздан және фосфаттан тұрады. Ақуыздар-бұлар да полимерлер және амин қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы - ферментативтік. Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін. 1-сатысында өмір үшін сипатты содан метаннан және аммиактан аралық молекула қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азоттық қосылысты, жай күрделілігі бар қосылыстар-амин қышқылдар және органикалық негізді-аденин. Олар Опаринмен Холдейн гипотезаларына сәйкес «первичный бульон» құрамды бөлігі болып саналады. 2-сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдастыру процесінің пайда болу, оны біз тіршілік деп атаймыз. 3-сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану.
4. Палеонтологиялық мәліметтер бойынша: 1.протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын)- бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды. 2.палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) – жер беті өсімдіктер , амфибиялар пайда болды; 3.мезозой эрасы- (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды; 4.кайназой эрасы-(70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды.
5. Тіршілік орталары Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Су тіршілік ортасы. Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бенталь. Су тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттектің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т.б. Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробионттар деп атайды. Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі. Планктон дегеніиіз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Планктондардың өзі – зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар және т.б. жатады. Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген формалары жатады. Оларға шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады. Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар және т.б. организмдер жатады. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жаксы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың көптеген түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады. Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда шөгінділерде тіршілік ететін организмдер жиынтығы. Бентостар екіге бөлінеді фитобентос және зообентос болып. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді. Жер бетінде топырақ түзілу процесі ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жеміс. Топырақтағы организімдердің экологиялық топтары. Геобионттар – топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизімдер, қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары, т.б. Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организімдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзынаяқтылар, масалар, т.б. жатады. Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады. Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады. Топырақта мекендеушілеріне жануарлардың келесі тобы жатады. Микрофауна (ұсақ топырақ жануарлары). мезофауна-буынаяқтылар. макрофауна-ірі топырақ жануарлары. Тірі ағзалық тіршілік ортасы Тірі организмдердің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің ішінде көптеген олардың өкілдері екінші бір организмдерді-паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер: эктопаразиттер (иесінің сыртқы денесінде кездесетін – кенелер, сүліктер, бүргелер, масалар, т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде кездесетін-құрттар, бактериялар, вирустар, қарапайым паразит өкілдері,т.б.) деп жіктеледі. Ағзалық тіршілік ортасында ағзалар паразиттік және жартылай паразиттік тіршілік етеді. Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм. Табиғаттағы жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді. Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз.
2.Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз.
3.Тіршілік орталарын атаңыз.
4.Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз. Әр топтың өкілдеріне мысал келтіріңіз.
5.Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсетіңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 2.Бейсенова Р.Р. экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл. Қосымша әдебиеттер: 1.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997. 2.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет