Бақылау сұрақтары: 1.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері туралы не білесіздер?
2.Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.
3.Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.
4.Каспий теңізінің қандай экологиялық мәселелері бар?
5.Балқаштың қандай экологиялық мәселері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003
4. Мұқаұлы С., Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1999
5. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
6. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003
7. Бейсенова Р.Р. Экология және тұрақты даму пәнінен дәрістер жинағы Оқу құралы. Астана 2010 жыл.
5. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар. Білім алушылардың жұмыс жасауының басты әдістемелік принциптері – лекция барысында алған теориялық білімдерін, конференция, семинар, зертханалық сабақтарында жүйелі түрде баяндалуы, алған білімді қалыптастыра білуі болып табылады. Сонымен бірге студент деректерге, тұжырымдарға сыни көзқараспен қарауды, деректердің ара-жігін ашып, зерттеу әдістерін меңгереді.
Аудиториялық уақытта лекция, оқылған материалды талқылау, кейсті талдау және түрлі жаттығуларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалу керек.
Әрбір сабақта студент материалды талқылауда белсеңді қатысуы керек. Белсенділігі шығып сөйлеудің сапасымен бағаланады. Жеке шығып сөйлеу мен топтық презентациялар жүргізіледі. Белсенділігінің ең жоғары бағасы әр сабақта хабарланады.
Курс соңында таңдаған зерттеу тақырыбында сәйкес зерттеу жұмысын қабылдау жүргізіледі. Егер тыңдаушылар бір нәрсеге түсінбесе, ол оқытушыдан түсіндіруін сұрауы тиіс. Студенттерге бақылау жұмысын орындау үшін компьютерді қолдануы ұсынылады.
Тыңдаушылар облыстық, қалалық және университет кітапханаларында жұмыс жасай алады және кітапхана ережесі бойынша абоненттен кітап жаздырып алуына болады. Зерттеу жұмысы өз бетінше жасаған жоспармен және зерттеуге қойылған мақсатқа сәйкес орындалады. Зерттеу жұмысын орындаудың міндетті шарттары іс жүзіндегі материалдар мен зерттеу мәліметтерін қолдану болып табылады. Теориялық мәселелерді мазмұндауда әдебиетке қысқаша шолу жасалады. Мағынасы мен көлемі бойынша негізгісі практикалық бөлімі болып табылады және онда зерттеу мәліметтерін бағалау және талдау жүргізіледі.