1109 Экология және тұрақты даму



бет66/68
Дата16.03.2023
өлшемі311,62 Kb.
#74823
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
umk ekol turakt damu 13 yanvar

Тапсырма-10
Тақырыбы: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. 2 сағат.
Сұрақтар: 1. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары. 2. Табиғатты қорғаудың аспектілері: 1.Экономикалық аспектісі 2.Сауықтыру-гигиеналық аспектісі 3.Тәрбиелік аспектісі 4.Эстетикалық аспектісі 5.Ғылыми-танымдық
Өткізу тәсілі: пікір талас
Ұсылынатын әдебиеттер:

  1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы,2004.

  2. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, «Ғылым», 1997, қаз.ауд.

  3. Көшкімбаев Қ.С. Оспанова Г., Бозшатаева К.С. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000ж.

  4. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
Жазбаша жұмыстардың қатарына реферат, курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары жатады. Жазбаша жұмыстардың тақырыптары, оны орындау әдістемесі, білімгерлердің курс бойынша алған білімін өз бетінше тексеруге арналған тест сұрақтары берілді. Тест материалдарымен қоса дұрыс жауаптар кілті, білімді бағалау критерийлері, аралық аттестация тапсыруға арналған емтихан сұрақтары берілді. Емтихан сұрақтарының мазмұны пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек.
Лекция курсы бойынша мини-тест, карточкамен жұмыс, терминологиялық диктант, сонымен қатар екі рубеждік бақылау жүргізіледі.
Курсты оқу барысында сабақтың келесі түрлері қолданылды:
-ұжымдық тренинг
Тренинг- білімгердің практикаға қажетті біліктер мен дағыдылард қолдана білуіне ықпал ететін әдістер мен тапсырмаларды қамтитын сабақ түрі.
-карточкамен жұмыс
Бұл жұмысты білімгер жеке немесе «кіші топтар» орындайды және эвристикалық мәселелерді шешудегі немесе қандай да бір ситуацияны немесе концепцияны талдаудағы білімгердің мүмкіндігін анықтайды.
- Бақылау жұмыс
Курстың бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша жүргізіледі. Тақырыптың санына қарай оқытушы бақылау жұмысының уақытын белгілейді. Бақылау жұмысы, оның тақырыбы мен өткізетін уақыты туралы білімгерге алдын-ала ескертеледі.
-жеке тапсырма.
Бұл тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол құжаттың, гипотезалар мен концепциялардың салыстырмалы талдау түрінде берілуі мүмкін. Білімгер тапсырманы оқытушы бекіткен мерзімде орындауы тиіс және ол орындалған тапсырманы оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс сабағында тапсырады.
-тапсырманы қорғау
Практикалық сабақта немесе БАОӨЖ тапсырманы ауызша немесе жазбаша түрде(ауызша түсініктеме береді) тапсырады. Тапсырманы ауызша қорғаған кезде басқа білімгерлердің талдауы қарастырылды.
-ауызша сұрау
Жеке немесе топта әлеуметтану бойынша қандай да бір проблеманы талдау түрінде жүргізіледі.
-коллоквиум
Жұмыстың бұл түрі практикалық сабақтарға немесе БАОӨЖ дайындау барысында орындалады. Бұл жұмысты білімгер берілген материал бойынша қысқаша жазбаша түрде дайындайды.
-глоссарий жүргізу
Глоссарий дегеніміз- терминдер мен түсініктердің сөздігі. Глоссарий жүргізу- білмгердің міндетті жұмысы болып табылады. Бұл жұмыс білімгердің тестке, бақылау жұмыстарына, коллоквиумге дайындалуына жеңілдік жасайды.
-ғылыми баяндама дайындау
Ғылыми баяндама дайындау үшін білімгерге тарихи ғылымының кішігірім проблемалары беріледі. Баяндау дегеніміз-практикалық сабақта проблемаларды қысқаша айту (5-7 минут), соңында бұл мәселені топпен бірге талқылау.
-рефераттық жұмыс
Көлемі 3-5 бет болатын рефератты білімгер белгілі бір тақырып бойынша орындайды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, кесте, сызба, суреттер түріндегі қосымшадан (қажет болған жағдайда) тұрады.
Білімгер рефератты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруы керек. Рефератты оқытушы тексеріп болғаннан кейін білімгер оны практикалық сабақта немесе БАОӨЖ.
-мини-тестер
Жұмыстың бұл түріні оқытушы білімгердің білімін тексеру мақсатында ескертусіз практикалық сабақтарда, лекция кезінде жүргізе алады.
Мини-тестер 5-8 сұрақтан тұрады, оны өткізуге 8-10 минут беріледі.
-Терминологиялық диктант
Диктант практикалық сабақ барысында курстың бір немесе бірінше тақырыптарының терминдері бойынша жүргізіледі. Білімгерге тақырыптар туралы алды-ала ескертіледі. Диктант жазбаша түрде өткізіледі.
1. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Кесте 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет