12. Алюминий өндіруге қанша руда, электр энергиясы қажет есептеп шығар


Жамбыл-Қаратау территориялық өндірістік кешені



бет6/6
Дата14.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#49928
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12-22

22. Жамбыл-Қаратау территориялық өндірістік кешені.
Өндірістік-аумақтық кешен – экономиканың өзара байланысты салаларының белгілі бір шаруашылық аймағында жоспарлы түрде дамуы. Қалыптасуының басты мақсаты – өндірістің экономиялық тиімділігін арттыру. Өндірістік-аумақтық кешен негізін энергия өндірістік цикл (ЭӨЦ) тұжырымдамасы құрайды. ЭӨЦ – белгілі бір шикізат пен энергия негізінде әр түрлі салалардағы өзара шарттасқан өндірістік процестер жүйесі. 
ТӨК-ң дамуы негізінен жанармай, энергетикалық және шикізат ресурстарына бағыттады. Атап айтқанда, ҚазКСР территориясында негізгі құрылым ретінде Павлодар – Екібастұз ТӨК құрылып, ол қара және тас көмір қоры, ас тұзы мен мыс қорына негізделген болатын. Ал Қаратау ТӨК-і, Жамбыл ТӨК-гі ірі фосфорит кенінің негізінде құрылды. Маңғышлақ ТӨК-інің пайда болуында мұнай, газ, қара көмір, мырыш кені, фосфорит қазбалары кеңінен қолданылды [2].
ТӨК-ң оңтайлы қалыптасып, дамуы жоспарлау мен басқару жүйесінің жақсы дамуымен байланысты. Осы себептерге байланысты КСПК-тің ХХVII мәжілісінде ТӨК қалыптастыруды дамыту мен тәжірибені жетілдіру, өндірістік түйіндерді жетілдіру,аймақтардың экономикалық және әлеуметтік кешенін жоспарлауды жетілдіру, экономикалық аудан шаруашылықтары мен ТӨК дамыту мәселелері қарастырылды.
Қаратау кен өңдеу кешені - өндірістік кәсіпорын, «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы. 
Кәсіпорын 1998 жылы «Қаратау»акционерлік қоғамы негізінде құрылған. Өндірістік негізі – фосфорит кентасын өндіретін және өңдейтін тау-кен комбинаты. Жаңатас қаласында орналасқан. Комбинат 12,5 мың га жерді алып жатыр, құрамына фосфорит кентасының жалпы қоры 418 млн. тонна болатын 3 кеніш кіреді: «Жаңатас»(жылдық қуаты 10,8 млн. т кентас), «Көкжон» (4,7 млн. т), «Көксу» (2 млн. т) кеніштері. Негізгі өнімдері: майда ұнтақталған фосфорит ұны, кесек және ұсақ фосфорит. Комбинаттың жылына 6,5 млн. т тауарлық кентас (оның 4,5 млн. т-сы фосфорит ұнтағы) өңдей алатын қуаты бар. 2600 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдерінің негізгі тұтынушылары Қазақстанда, Өзбекстанда, Түрікменстандажәне Ресейде орналасқан. 2001 жылдан кәсіпорын құрылымына «Қаратау» кен-химия комбинаты қосылған. Жетекшісі –А.В.Рябова.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет