12. Алюминий өндіруге қанша руда, электр энергиясы қажет есептеп шығар


Қазақстан Республикасының полиметалл кен орындары



бет5/6
Дата14.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#49928
1   2   3   4   5   6
20. Қазақстан Республикасының полиметалл кен орындары.
Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.
Полиметалл, полиметалл кентастары (поли… және металл) — басты құраушылары Pb мен Zn, қосымшалары Cu, Au, Ag, Cd, кейде Bі, Sn, Іn, Ga элементтерінен тұратын кешенді кентастар. Кейбір Полиметаллда барит, флюорит, күкірт, селен, теллур, германий, таллий болады. Полиметалл құрайтын 260-тай минералдың ішінде көп тарағандары: галенит (PbS), сфалерит (ZnS), пирит (FeS2), халькопирит (CuFeS2), арсенопирит (FeAsS) және касситерит (SnO2). Мыс халькопиритте, күміс пен висмут галенитте, алтын жеке күйде немесе пиритте, кадмий мен индий сфалеритте шоғырланған түрде кездеседі.
Қазақстанда Полиметалл кентастарының ірі кендері шығыста (Риддер, Зырянов, Белоусов, Орлов, Николаев, Тишин, Малеев), Сарыарқада (Ақбастау, Ақжал, Құсмұрын, Алаайғыр, Қарағайлы, Жайрем), Қаратауда (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, Шалқия), Жетісу Алатауында(Текелі, Көксу), т.б. жерлерде орналасқан.
21. Түсті металлургия базаларының схемасын сыз.
Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа түсті. Реактивтіұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.
Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен (жез), никельмен(мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бүрыннан қолданылып келсе, ал берилий қоласы XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды.
Егемендік алған жылдарда жаңа өндірістер мен тұтас зауыттар пайда болды. Бұл Қазақстанның түсті металлургиясы біздің еліміздің өнеркәсібі мен әлемдік түсті металлургиядағы алдыңғы орнын сақтап қалды.
Осыған орай түсті, ауыр, сирек кездесетін және басқа да металдар металлургиясынажыратуға болады.
Ортақ шикізат немесе отын қорларын пайдаланатын зауыттар тобын металлургиялық база деп атайды. Қазакстанда үш металлургиялық база бар.
Ең «көнесі» - Шығыс базасы. Ол үшін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп, «өндірістің жоғарғы қабаттарын» «тұрғызып» қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни прокат, қорытпа, түсті металдардан дайын өнімдер шығару маңызды. Қалыптасқан екінші Орталық базасының мамандануы кеңейіп келеді. Бұл жерде мырыш өндірісі де пайда болды. Жаңа зауыттардың - қорғасын, ферроқорытпа және болат балқыту зауыттарының құрылыс жобалары зерттелуде. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың шикізат мәселелерін шешуді қажет етеді. Ондай өткір мәселе Балқаш КБК-да қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет