12. Алюминий өндіруге қанша руда, электр энергиясы қажет есептеп шығар


Қазақстанның жылу электр станциялары



бет2/6
Дата14.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#49928
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
12-22

14.Қазақстанның жылу электр станциялары
Жылу электр станциясы — жылу қозғалтқыштары көмегімен жылу энергиясын электр энергиясынаайналдыратын энергетикалық өндіріс орны. Жағылатын отын түріне қарай қатты отынды (көмірағашшымтезекжанғыш тақтатас), газды немесе сұйық отынды (мазутмұнай) жағатын станция болып ажыратылады. Жылу энергиясы жылу қозғалтқышында механикалық энергияға айналдырылады, соңынан электр генераторы арқылы электр энергиясына түрленеді. Пайдаланылатын жылу қозғалтқышының түріне орай жылу электр станциясы бу турбиналыгаз турбиналыбу-газ турбиналы болып бөлінеді. Тек электр энергиясын өндіретін ЖЭС конденсациялық турбинамен жабдықталып, конденсациялық электр станциясы (КЭС)деп аталады. Жоғары қуатты КЭС қондырғылары бірнеше блоктардан құралады, блок құрамында бу қазаны, бу турбинасы, электр генераторы және трансформатор болады. Станцияның жалпы қуаты жеке блоктардың қуатына және олардың санына тәуелді. Егер электр энергиясын өндірумен қатар жұмыс жасап шыққан бу жылыту мақсатында пайдаланылатын болса, ол жылу электр орталығы деп аталады. Қазақстандағы қуатты жылу электр станцияларының қатарына Қарағанды МАЭС және Жамбыл МАЭС станциялары жатады. Республика бойынша өндірілетін электр энергиясының 80%-на жуығы жылу электр станцияларының үлесіне тиеді
15.Маңғыстау облысының ауыл шаруышылық өнімдерінің схемасы
Соңғы кездері қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану жүйесінде жер ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану мәселесі өзекті бола бастады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық жерлерін пайдалану мөлшерін ұтымды етуге барлық уақытта ауылшаруашылық өндірісі мен ауылдық елді мекендерді ұйымдастырудың маңызды алғышарты ретінде үлкен мән берілді.
Ауылшаруашылы мақсатындағы жерді пайдалану – бұл ауылшаруашылық қатынастар жүйесіндегі өндірістік қызметтің кеңістіктік негізі. Оған келесідей көрсеткіштер тән:
- аграрлық өндіріс үшін пайдаланылатын жер учаскесінің көлемі (олардың сапалық және сандық (алқаптардың құрамы мен құрылымы) жай- күйі, топырақ құнарлылығы);
- сондай-ақ жердің кеңістіктік аумақтық орналасуы (орналасқан жері, жинақтылығы, қашықтығы, өндірістік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етілуі және т.б.).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет