16.Қазақстан Республикасының табиғат ресурстары, табиғат байлықтары. Табиғат ресурстары-бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор.Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады.Пайдалы қазбалар,жер,су,уа,жел,топырақ,өсімдік және жануарлар дүниесі-табиғат ресурстарын құрайды.
Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат бзасы болып табылады.
Минералды ресурстар.Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі- олар көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан.Сондықтан да минералды ресурстарды арзанашық әдіспен өндіріп,кешенді түрде пайдаланады.
Еліміз пайдалы қазблардың аса бай қорына ие. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып,оның 60-қа жуығы зертеліп,өндіріске таратылған.Еліміз дүниежүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші,хромит,уран,фосфор кендерінен екінші,марганец қорынан үшінші,қорғасын мен молибденнен төртінші,ал темір бойынша сегізінші орында.Қазақстан мұнай мен газ қоры бойынша да көптеген елдерден алда тұр.
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды.
17. Қазақстандағы газ өнеркәсіптерінің орталықтары. Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.
Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.[1]
Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.
1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар: