Культуралды сұйықтықтың фильтрленуі микроорганизм – продуцентіне, қоректік ортаның сандық және сапалық құрамына, ферментация жағдайына байланысты. Продуценттер көлеміне және жасушаның пайда болу құрылысына қарай ажыратылады. Мысалы, пенициллин продуценті ұзынша талшықты мицелий «толық» жіпше диаметрі 5-50 мкм, сұйық фазадан бөліп алуда қиындық болмайды. Мицелий актиномицеті жіңішке (0,2-1мкм) бұтақ жіпше көп санды бір-бірімен байланысқан болып сипатталады.
Культуралды сұйықтықтың фильтрленуі микроорганизм – продуцентіне, қоректік ортаның сандық және сапалық құрамына, ферментация жағдайына байланысты. Продуценттер көлеміне және жасушаның пайда болу құрылысына қарай ажыратылады. Мысалы, пенициллин продуценті ұзынша талшықты мицелий «толық» жіпше диаметрі 5-50 мкм, сұйық фазадан бөліп алуда қиындық болмайды. Мицелий актиномицеті жіңішке (0,2-1мкм) бұтақ жіпше көп санды бір-бірімен байланысқан болып сипатталады.
Ферментация процесінің соңында сілекейлі жасуша байқалады, нәтижесінде сұйықтықта мицелиялы жасуша үзінді бөлігінен жұқа дисперсиялы фракция пайда болады. Мицелия аморфты, сілекейлі, жабысқақ тәрізді, фильтрлеуші материал саңылауы тез бекітіледі. Тұнбаның меншікті кедергісі күшті. Культуралды сұйықтықтың фильтрленуіне ферментация процесінің жүргізілу жағдайы үлкен әсер етеді: шикізат саны, сапасы және құрамы, қоректік затты тұтынатын сұйықтықтың құрамы, май мөлшері, ферментация процесінің ұзақтығы. Мысалы, жүгері экстрактінің орнына соя ұнын қолданғанда, тұндыруда кедергіні кемітеді, фильтрлеу жылдамдығын жоғарылатады. Егер культуралды сұйықтыққа қоректік зат тұтынбайтын зат қатысса, фильтрлеу баяулайды. Көбік сөндіруде май қолданылса ферментация соңында фильтрлеу нашарлайды. Ферментация процесінің ұзақтығы да фильтрлеу процесіне кері әсерін тигізеді. Культуралды сұйықтағы көптеген антибиотиктердегі фильтрлеуді жақсарту үшін мицелияны бөлу үшін арнайы өңдеулер жасалынады.
Культуралды сұйықтықты фильтрлеуді жақсарту әдісіне жылы коагуляция, қышқыл коагуляция, электролитпен өңдеу және фильтрлеуші ұнтақты қолдану жатады.
Культуралды сұйықтықты фильтрлеуді жақсарту әдісіне жылы коагуляция, қышқыл коагуляция, электролитпен өңдеу және фильтрлеуші ұнтақты қолдану жатады.
Ыстық коагуляция негізінде антибиотиктерді алғанда қолданылады, сулы ортада қыздырғанда бұзылмайды. Ол ақуыз денатурациясы жоғары температураға негізделген. Бұл жағдайда фильтрлеу жылдамдығы ақуыз коагуляциясына және ыдырау есебінен жоғарылайды. Тұнба мұндай кезде аз жабысатын, оңай сусызданатын болады. Одан басқада (70-750С) жоғары температурада культуралды сұйықтықтың тұтқырлығы төмендейді. Бірақ жылумен өңдеу дайын өнімнің сапасына кері әсерін тигізеді.
Қышқыл коагуляция антибиотик өндірісінде кеңінен қолданылады, ерітіндінің рН мәні төмен берік болып келеді. рН мәнін төмендету, қышқылды таңдау антибиотикті келесідей химиялық тазарту талабымен анықталады.
Бірақ қышқыл коагуляциядан жақсы фильтрлеу процесі барлық культуралды сұйықтықты қамтамасыз етпейді. Кейбір жағдайда қышқыл – жылы коагуляция бірлескенде жақсы эффект береді.
Культуралды сұйықтықты фильтрлеуді жылдамдату үшін фильтрлеуші ұнтақ кеңінен қолданылады. Көбінесе силикат ұнтақ (перлит, диатомит және т.б.) немесе ағаш ұны қолданылады. Ұнтақ сулы суспензия түрінде фильтрге беріледі, фильтр бетіне 1-2мм қалыңдықта (шайынды) топырақ қабаты төселеді, содан соң сол арқылы культуралды сұйықтық фильтрленеді. Фильтрлеуші қабат топырақ қабаттың енгізгіштігі жоғары болғандықтан фильтрлеу жылдамдығын жоғарылатады. Кейде ұнтақты тікелей фильтрлеу алдында культуралды сұйықтыққа қосады, мұндай жағдайда фильтрлеу процесінің жылдамдығы бар жоғы 15-20 % ұлғаяды, ал бұл кезде топырақ қабатпен 1,5-2 есе жоғары болады.
Тиімді әдіс коагуляция, ол тұнбаның түрін жақсартады және фильтрлеу жылдамдығын жоғарылатады, культуралды сұйықтыққа реагентті қосқанда ерімейтін тұнба пайда болады, қор жиналушының пайда болу әдісі болып саналады. Мұндай реагенттер болып Ca, Ba, Fe, Al және т.б. тұздар атқарады, сулы ортада тұнба фосфор, қымыздық қышқылы және басқа күкірт қышқылы анионымен пайда болады. Мицелия бөлшектерін алдын-ала салудың әсерінен культуралды сұйықтықта тұнбаның түсіп түйіршіктер пайда бола бастайды.
Культуралды сұйықтықтан биомассаны бөлуге арналған фильтр. Үздіксіз және периодты әдістің жұмыс жасау принципінің әсері бойынша фильтр ажыратылады. Қозғалушы күштің сипаты бойынша фильтрдің қысыммен және вакууммен жұмыс істеуін ажыратуға болады.
Биопрепарат өндірісінде мицелияны бөлуге арналған фильтрдің құрылысы барабанды вакуум – фильтр және рамалы фильтр – пресс қолданылады.
Рамалы фильтр – престің сызба нұсқасы 48 суретте келтірілген. Периодты жұмыс жасайтын аппарат, қысыммен жұмыс істейді. Фильтр – пресс 2 плита мен 3 рама кезектесіп орналасқан бірдей размерден тұрады, оның арасында фильтр мата (салфетка) қысып тұрады. Рама мен плитаның екі параллель бүйіріндегі қондырғы 4 дөңгелек бөренеге тіреледі. Плита мен рама 1 мандайшаға қысылып тұрады 5 жылжымалы мандайшаның көмегімен мандайшаға қысылып тұрады, плунжерлі гидравликалық қондырғыға 6 қысым әсер етеді. Плита тақтаның шеттерінің беті тегіс болып келеді, ал ортасы ирек таяқшалы болып келеді. Плита мен рамада 7 құюға арналған саңылау бар, жиналған кезде фильтрлеуші сұйықтық жүретін каналша пайда болады. Рамалы фильтр престе фильтрлеу процесі келесідей жүргізіледі.