Ағатын қабықпен буландыру аппараты Әрбір өнімге сәйкес температурада буландыру аппаратына өнімнің келуі тәжірибелі жүйеде анықталады. Культуралды сұйықтықты буландыру үшін 70-800С температура қабылданады. Буландыру аппаратында сұйылуда мұндай температура қайнау температурасына жетеді. Буландыру көп корпусты немесе бір корпусты вакуум - буландырғыш қондырғыда жүргізіледі. Көп корпусты вакуум-буландырғыш қондырғыда культуралды сұйықтық бір аппарттан басқа аппаратқа тізбектеліп келіп, культуралды сұйықтық көп рет буландырылады. Буландыру аппараты 46-суретте көрсетілген, төменгі ағымдағы принциппен жұмыс жасайды. Культуралды сұйықтық қабылдағыш бактан насоспен буландырғыштың жоғарғы бөлігіне беріледі, құбырдың жоғарғы жағында тордың бетінде біркелкі таратылады және құбырдың ішкі жағында жоғарыдан төмен қарай жұқа қабықша түрінде ағады.
Құбыр аралық бос жердегі бірінші буландырғышқа ыстық бу беріледі. Культуралды сұйықтықты буландырғанда пайда болған буды екіншілік бу деп атайды, құбыр бойымен сұйықтық қабықша ағады, содан соң сұйықтық бөлгішке келіп түседі. Мұнда екіншілік будан буландырғыш сұйықтықты бөлу жүргізіледі. Екіншілік бу 80-870С температурада, құбыр аралық бөлгішке екіншілік буландырғышқа жіберіледі.
Қоюланған культуралды сұйықтық бірінші буландырғыштың төменгі бөлігінен және бөлгіштен насостың көмегімен буландырғыштың екінші сатысына, содан соң үшіншісіне жіберіледі (47 сурет). Үшінші сатыдағы буландырғышта культуралды сұйықтықтағы биомассаның концентрациясының шығымы 18-22 % дейін жетеді (құрғақ зат бойынша есептегенде).
Үш корпусты буландырғыш қондырғы: І-бір сатылы буландырғыш;
2-шашыратып бөлгіш;
3-екіншілік буға арналған құбыр;
4-екі сатылы буландырғыш;
5-үш сатылы буландырғыш;
6-бетіндегі конденсатор;
7- насостар;
8-су сақиналы вакуум – насос.
Фильтрлеу
Өндірісте кейбір биологиялық активті затты көбінесе антибиотикті, культуралды сұйықтықтан микроорганизм массасын бөліп алу үшін фильтрлеу әдісі қолданылады. Формасы жіпше тәрізді, бұтақша тәрізді болып келетін микроорганизм – продуцентін бөліп алу үшін осы әдіс қолданылады. Фильтрлеудің мақсаты культуралды сұйықтықта қатты және сұйық фазаны кеуек бөлгіш арқылы бөлу болып табылады. Фильтрлеудің қозғалушы күші болып қоршаудың екі жақтағы қысымның айырмашылығы болып табылады.
Фильтрлеудің жылдамдығы қысымына, тұнба қабатының қалыңдығына, оның құрылысына, сұйық фазаның тұтқырлығына және басқада факторларға байланысты.
Фильтрленуші сұйықтық екі кеуек қабат арқылы өтеді: тұнба қабат (ауыспалы қалыңдық) және фильтрлеуші қоршау. Фильтрлеу процесінің есебін білу үшін суспензияның сипатталуына байланысты және фильтрлеуші ұлпаны және тұнбаны білу қажет. Тұнбаның меншікті кедергісінің мәні және фильтрлеуші бөлгіш тәжірибелі жолмен анықталады.