Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы кең принципті белгілейді; мұнда бірнеше мысалдар келтірілген: 101.3-бап , Хатшылықтың штаты туралы
Қызметкерлерді жалдау және қызмет көрсету шарттарын анықтаудағы басты мәселе тиімділіктің, құзыреттілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету қажеттілігі болуы тиіс. Қызметкерлерді мүмкіндігінше кең географиялық негізде жалдаудың маңыздылығына назар аудару керек.
17.2-бап , бюджет және қаржы туралы
Ұйымның шығыстарын Бас Ассамблея белгілеген бөлуге сәйкес мүше мемлекеттер көтереді.
97-бап, Бас хатшының рөлі туралы
Бас хатшы ұйымның бас әкімшілік лауазымды тұлғасы болып табылады.
БҰҰ қызметінің 70 бағыты: әлемді жақсы жаққа өзгерту
Әлеуметтік даму
Экономикалық даму
Бейбітшілік және қауіпсіздік
Қоршаған орта
Адам құқықтары
Гуманитарлық мәселелер
Халықаралық құқық
Денсаулық сақтау
Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.
БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.
1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ),
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ),
БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА),
БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ),
БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ),
БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ),
Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ),
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ),
БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО),
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ),
БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО),
Дүниежізілік Банк (ДБ),
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).