Опек ұйымы -мұнай өндіруге квоталарды бақылау мақсатында мұнай экспорттаушы елдер құрған халықаралық үкіметаралық ұйым. Көбінесе картель ретінде қарастырылады. 2020 жылғы наурыздағы жағдай бойынша ОПЕК құрамына 13 ел кіреді
ОПЕК мақсаты ұйымға қатысушы елдер арасында мұнай өндіруге, мұнайдың тұрақты бағасын ұстап тұруға, тұтынушыларға мұнайдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге, мұнай саласына инвестициялардан табыс алуға қатысты қызметті үйлестіру және жалпы саясат әзірлеу болып табылады.
ОПЕК-ке мүше мемлекеттердің энергетика және мұнай министрлері жылына екі рет халықаралық мұнай нарығын бағалау және оның болашаққа даму болжамы үшін кездесулер өткізеді. Бұл кездесулерде нарықты тұрақтандыру үшін қабылданатын іс-шаралар туралы шешімдер қабылданады. Нарықтағы сұраныстың өзгеруіне сәйкес мұнай өндіру көлемінің өзгеруі туралы шешімдер ОПЕК конференцияларында қабылданады.
Ұйымның құрлымы Ұйымның жоғарғы органы, әдетте, жылына 2 рет шақырылатын қатысушы елдердің конференциясы болып табылады. Конференция жаңа мүшелерді қабылдау мәселелерін шешеді, Басқарушылар кеңесінің құрамын, бюджет пен қаржылық есепті бекітеді, Басқарушылар Кеңесінің Төрағасын, Бас хатшыны, оның орынбасарларын және аудиторды тағайындайды.
Басқарушылар кеңесі конференцияға сұрақтар дайындайды, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылатын Хатшылықтың жұмысына басшылық жасайды. Хатшылық Басқарушылар кеңесі мен конференция үшін зерттеулер жүргізеді және ұсыныстар дайындайды, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады
ОПЕК-тің жыл сайынғы бюджеттерінің жобаларын жасайды. Оның құрамына әкімшілік, экономикалық, заңгерлік, ақпараттық және техникалық бөлімдер кіреді
ОПЕК — ке мүше елдер
Страна
Годы членства
Место в мире по добыче
Добыча, 2020, млн тонн
Доля, %
Саудовская Аравия
с 1960
3
519,6
12,5
Ирак
с 1960
5
202,0
4,9
Иран
с 1960
9
142,7
3,4
Кувейт
с 1960
10
130,1
3,1
Венесуэла
с 1960
25
27,4
0,7
Катар
1961—2019
15
75,9
1,8
Индонезия
1962—2009, 2016—2016
21
36,4
0,9
Ливия
с 1962
30
18,3
0,4
ОАЭ
с 1967
7
165,6
4,0
Алжир
с 1969
17
57,6
1,4
Нигерия
с 1971
13
86,9
2,1
Эквадор
1971—1992, 2007—2020
28
25,8
0,6
Габон
1975-1995, 2016-
33
10,4
0,2
Ангола
с 2007
16
64,5
1,5
Экваториальная Гвинея
с 2017
37
7,5
0,2
Республика Конго
с 2018
31
15,8
0,4
ОПЕК+ ОПЕК+ бейресми форматы 2016 жылдың қарашасында көптеген мұнай өндіруші елдердің әлемдік мұнай нарығындағы бағаларға наразылығына байланысты құрылды.
2020 жылдың сәуіріне ОПЕК+ құрамына 10 ел кіреді: Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, Оңтүстік Судан (картельдің негізгі өндірушісі және бейресми көшбасшысы-Ресей, әлемдік мұнай өндірудің 14%)
2022 жылғы 5 қазанда өткен ОПЕК + отырысында қараша айынан бастап мұнай өндіруді тамыз айымен салыстырғанда тәулігіне 2 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, мәмілені 2023 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту жоспарлануда. 2023 жылғы сәуірде ОПЕК + елдері негізгі ОПЕК-пен бірге мұнай өндіруді тәулігіне 1.65 млн. баррельге қысқарту туралы келісті