Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.
Сонымен, оқытуды ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістерінің біріңғай жүйесі болып табылады.
2. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың сынып – сабақ жүйесінің ең негізгі компоненті (құрамдас бөлігі) – сабақ болып табылады.
Белгілі педагог И.П.Подласыйдың анықтауынша,«Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі».
Ал И.Ф.Харламов «Сабақ- ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән деп анықтайды.
Сабақ бүгінгі күні ең негізгі оқытуды ұйымдасыру формасы болып табылады. Сабақ білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық функция атқарады. Бұл функциялар әрбір сабақты жүйелі түрде жүзеге асып отыру тиіс. Сабақты тиімді, мәнді өткізу үшін оған дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық талаптар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |