12 Дәріс. Оқытуды ұйымдастыру формалары


Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақта оқушылардың әректін ұйымдастыру формалары



бет12/12
Дата31.12.2021
өлшемі51,46 Kb.
#22467
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
5. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақта оқушылардың әректін ұйымдастыру формалары. Мектептің аса жауапты міндеті – оқушыларды ғылым негіздерімен берік және терең қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануының оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ – сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады.

Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әр бір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ беруінде ірі кемшіліктер болмақ.

Әр мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап педагогикалық процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұрақтарға жауап беруі керек:

1. Сабақтың мақсаты қандай.

2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді.

3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсы.

4. Бұл ой қандай жүйемен баяндалмақ.

5. Олар қандай жолмен негізделмек.

6. Қандай қорытындылар керек.

7. Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланылмақ.

8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек.

9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек.

10. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек.

Озық тәжірибелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен дайындалады. Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:

- алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау;

- өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу;

- кезекті сабақтың жоспарын жасау.

Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады.

Мектепте оқу материалы әр бір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.

Ол мұғалімге бір сабақтың келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізігі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнаралақ байланысты орнықтыруға, оның барысында пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарды ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді.

Жеке сабақ жоспары - әр мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде қандай жұмыс жүргізетіндігін анықтайды. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

2. Сабақ тақырыбы.

3. Сабақ мақсаты.

4. Сабақ құрылымы (дидактикалық кезеңдері).

5. Мазмұны.

6. Әдіс тәсілдері.

7. Құралдары.

8. Үй тапсырмасы.

9. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Тәжірибелі мұғалімдер жоспар бойынша сабақ өткізілгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды. Талдауда төмендегі мәселелер еске алынады:

- тақырып мазмұнын оқушылар қалай игерді;

- сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;

- дидактикалық және тәрбие міндеттері қалай шешілді;

- жетістіктер мен кемшіліктер;

- кемшіліктерді келесі сабақта болдырмау жолдары.

Мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері мен тәсілдерін де үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Мұғалім алдыңғы қатарлы тәжірибені, мамандығына байланысты жаңа әдістемелік еңбектерді үнемі зерттеп, оқып, тиімді пайдалану жолдарын іздестіріп отыруы тиіс.

Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Солндықтан олармен жеке-дара, топтық және ұжымдық, фронтальдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.



Сабақта оқушылар әрекетін ұйымдастыру түрлерін төмендегідей сызбадан көруге болады.

Сызба. Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары.

Оқыту процесі – мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке-дара жұмысының түрі. Себебі әр оқушы білімді өз шамасына, дайындығына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай, жеке-дара жұмыс әр оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып, білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады.

Жеке-дара жұмыс түрлері


Топтық жұмыс – сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с. оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруы

Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай және бірнеше бөлшекке бөлу жағдайында ұйымдастыру.

Оқушылардың бірыңғай оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмамен шағын топтарңға бөліп, өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады.

Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады.

Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың мақсатын, мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшеленеді.

Топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шарттары



  • Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

  • Жолдастарымен ақылдасуға үйрету;

  • Оқу тапсырмасының нақты болуы;

  • Тапсырмаларды топ арасында үйлестіру іскерлігінің болуы.

Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.

Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыс ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әр бір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.



3. Фронтальдық жұмыс – бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта, бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет